Қарағандыда жұмбақ жағдайда көз жұмған 32 жастағы ер адам өлімінің себебі белгілі болды
Қарағандыда жұмбақ жағдайда көз жұмған 32 жастағы ер адам өлімінің себебі белгілі болды
116
оқылды
Қарағандыда базарда ер адамның неден қайтыс болғаны белгілі болды.  Қарағанды ​​облыстық ПД баспасөз қызметі 9 маусымда Горняк аялдамасынан 33 жастағы ер адамның мәйіті табылуына байланысты  ҚР Қылмыстық кодекстің 306-бабы, "Қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды өндіру, сату немесе қызметтер көрсету" бойынша тергеу басталғанын хабарлады.  
"Сот-медициналық сараптама жәбірленушінің электр тоғының әсерінен қайтыс болғанын анықтады. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін қажетті тергеу шараларын жүргізуде", - делінген хабарламада.
  6 маусымда дәл осы маңнан 36 жастағы әйелдің денесі табылған болатын. Сот-медициналық сараптама оның өліміне жүрек ауруы - "кеңейтілген кардиомиопатия" себеп болған деген қорытынды шығарды.  
"Сондықтан ол әйел де электр тоғы соғып қайтыс болды деген болжамдар мен қауесеттерге негіз жоқ", - делінген хабарламада.