Оралдық тұрғын дүкен сатушысын пышақтап тастаған
Оралдық тұрғын дүкен сатушысын пышақтап тастаған
236
оқылды
Оралда жігіт сатушыны пышақтап жіберген, деп хабарлайды Polisia.kz. Оқиға 9 маусым күні кешкі 23:00 шамасында Орал қаласындағы дүкендердің бірінде болған. Облыстық Полиция департаменті хабарлағандай, 9 маусым күні 1984 жылы туған О. есімді ер адам Мөңкеұлы көшесіндегі азық-түлік дүкеніндегі сатушыға шабуыл жасаған.
– Дүкенге орнатылған бейнебақылау камераларынан жазбаларды қарау кезінде ер адам мен әйел арасында жанжалдың қалай туындағанын көруге болады. Оқиғаға сол дүкенде тағы бір сатушы мен жәбірленушінің кәмелетке толмаған қызы куәгер. О. есімді ер адам екінші сатушыны итеріп жіберіп, жәбірленушіні ұрып-соғып, оны пышақтап жіберген, содан кейін ол оқиға орнынан қашып шыққан кезде БҚО ПД қызметкері құрықтап үлгерді, – деп атап өтті Полиция департаментінен.
Жәбірленуші облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне ауыстырылды. Тергеу барысында анықталғандай, ұсталған адам мен жәбірленуші үш жылдай тығыз қарым-қатынаста болған. Ер адам Ақтөбе қаласының тұрғыны. https://www.youtube.com/watch?v=wHWtc0OczrI&feature=emb_title
– Қылмыс кезінде О. есімді ер адам алкогольдік мас күйінде болған. Бұрын сотталмағаны және еш жерде жұмыс істемейтіні анықталды. Толығырақ ақпарат сотқа дейінгі тергеудің соңында жарияланады, – деді БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Белгібеков.
Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.