Қазақстанның 7 облысында дауылды ескерту жарияланды.
Қостанай облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел кей жерде 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнап, бұрқасын, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с-қа жетеді. Бесқарағай аймағында өрт қаупі өте жоғары болады деп күтілуде.
Күндіз Өскеменде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Семейде күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Ақмола облысында найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Батыс Қазақстан облысында күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соққан жел, кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді.
Оралда күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Түстен кейін оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 18 м/с болмақ.
Алматы облысының таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады. Кейбір жерлерде төтенше өрт қаупі бар.
Талдықорғанда найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай ойнайды, желдің екпіні 15 м/с болады. Алматыда найзағай ойнайды деп болжанды.
Ақтөбе облысында кей жерлерде найзағай күтіледі, шығыстан, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады.
Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай ойнайды. Түнде солтүстік, солтүстік-шығыстан соққан жел 15-20 м/с-қа күшейеді. Ақтауда түнде найзағай күтіледі.