Ақылы автотұрақтар Алматыны қалай өзгертті?
Ақылы автотұрақтар Алматыны қалай өзгертті?
342
оқылды

ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда биыл сәуірде 3,8 миллионнан астам жеңіл көлік болған. Оның көбі Алматы облысы мен Алматыда тіркелген. Қазір мегаполисте 466 мыңнан астам жеңіл көлік бар. Қалада көлік көбейген сайын, проблеманың да көбеюі заңдылық.

Ал автотұрақ мәселесі мегаполисте транспорт атаулы пайда болғаннан бері бар. Онда қандай тұрақ пайда болса да, тұрғындардың шағымы көбейетін. Сонымен бірге көп жерде әркім өз еркімен тұрақ жасап, сол үшін ақы алып жүрді. Бірақ мемлекетке тиесілі тегін жерден ақша жасап жүргендердің кім екені белгісіз болды. Олардың кәсібі заңмен реттелмегендіктен, тұрақта болған жол-көлік оқиғасына, ұрлық болған жағдайда немесе көлікке қандай да бір зақым келгенде ешкім жауап бермейтін. Ол кезде қала бюджетіне жылына 30 миллион теңге ғана түссе, қазір оның көлемі 10 есе өсті, 2016-2019 жылдар арасында бюджетке 561 миллион теңге табыс түскен. автотұрақ Тұрақ орындарын ұйымдастыруды ретке келтіру үшін қала әкімдігі 2013-2023 жылдарға арналған Алматы көлігінің тұрақтылық стратегиясын қабылдады. Ал 2016 жылы сол кездегі қала әкімі Алматыда ақылы автотұрақ орнату тарихы 1997 жылдан басталады. Сол жылы бірінші ақылы тұрақ іске қосылды. Бірақ одан түскен қаржының 90%-ы 2015 жылға дейін заңдастырылмай, "көлеңкелі" бизнеске айналды. 2012 жылы Алматы қаласының 2013-2023 жылдарға арналған көлік тұрақтылығының стратегиясы қабылданды (БҰҰДБ-мен бірлесіп әзірленді. 2015 жылы тұрақ үшін төлемдерді қолма-қол ақшасыз жинауға мораторий жарияланды. 2016 жылы автоматтандырылған ақылы тұрақ пилоттық режимде іске қосылды. Содан бері Алматы қаласының ақылы тұрақтар жүйесі тұрақты дамып келеді. Бес жыл бұрын бұл жүйенің ашылуы кезінде Бауыржан Байбек ақылы автотұрақтың қала көшелерінің жол жиегіндегі көлік кептелісін азайтатынын айтқан еді. Одан түскен қаржы мегаполистің көлік жүйесін дамытуға жұмсалады. "А-паркинг" компаниясының хабарлауынша, ақылы тұрақ жүйесі енгізілген бес жыл ішінде мегаполисте жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері азайды, тұрғындар тұрақта көлік қозғалысын реттеуге үйренді. Тұрақта айналуға болатын жер кеңейіп, жүргізушілер үшін бос орын жеткілікті болды және трафик жүктемесі азайды. Сонымен бірге қаланың тұрақ жүйесі мен мемлекеттік бюджетке түсетін қаржы ашық бақыланады, қаладағы көлеңкелі айналымда жүрген қаржы заңдастырылып, мегаполистің дамуына жұмсалды. «АлматыСпецтехпаркингСервис» компаниясының директоры Марат Принбековтің айтуынша, жобаны іске қосу үшін 2016 жылы Алматының ақылы Марат Принбеков. Фото: Forbes.kz[/caption] Марат Принбековтің биыл 25 ақпанда Forbes-ке берген сұхбатында жобадан түскен пайданың қанша пайызы мемлекет бюджетіне аударылатынын айтқан.
"Барлық жер учаскелері бойынша конкурстар өткізіледі. Автотұрақ үшін жер жеке меншікке берілмеген. Учаскенің параметрлеріне сүйене отырып, біз әрбір тұрақ орны үшін тіркелген төлемді ұсынамыз. Бүгінге дейін мемлекетке біздің компаниядан барлығы 1,2 млрд теңге аударылды, оның ішінде: салық түрінде 0,7 млрд теңге, мемлекетке міндетті төлемдер ретінде 0,3 млрд теңге, тұрақ орындары үшін тіркелген төлемдер түрінде 0,2 млрд теңге. Барлығы бірге түсімнің 27%-ы мемлекет бюджетіне төленді. Сондай-ақ, салық төлеуден жалтарғандар 0,9 млрд теңгеге айыппұл төленді. Бұл соманы құқықбұзушылар төлейді", - деп жауап берген ол.
Айта кетейік, ақылы автотұрақтар Нью-Йорк, Токио, Мәскеу, Минск сияқты әлемнің көптеген мегаполисінде бар. Оларда ақылы тұрақ жүйесі әртүрлі жүзеге асырылады. Бірақ бәрінің мақсаты бір - автокөлік иелерін қоғамдық тұрақ кеңістігін пайдалануға жауапкершілікпен қарауға үйретіп, жол қозғалысын тәртіпті және қауіпсіз етуге ынталандыру.