ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда биыл сәуірде 3,8 миллионнан астам жеңіл көлік болған. Оның көбі Алматы облысы мен Алматыда тіркелген. Қазір мегаполисте 466 мыңнан астам жеңіл көлік бар. Қалада көлік көбейген сайын, проблеманың да көбеюі заңдылық.
Ал автотұрақ мәселесі мегаполисте транспорт атаулы пайда болғаннан бері бар. Онда қандай тұрақ пайда болса да, тұрғындардың шағымы көбейетін. Сонымен бірге көп жерде әркім өз еркімен тұрақ жасап, сол үшін ақы алып жүрді. Бірақ мемлекетке тиесілі тегін жерден ақша жасап жүргендердің кім екені белгісіз болды. Олардың кәсібі заңмен реттелмегендіктен, тұрақта болған жол-көлік оқиғасына, ұрлық болған жағдайда немесе көлікке қандай да бір зақым келгенде ешкім жауап бермейтін. Ол кезде қала бюджетіне жылына 30 миллион теңге ғана түссе, қазір оның көлемі 10 есе өсті, 2016-2019 жылдар арасында бюджетке 561 миллион теңге табыс түскен."Барлық жер учаскелері бойынша конкурстар өткізіледі. Автотұрақ үшін жер жеке меншікке берілмеген. Учаскенің параметрлеріне сүйене отырып, біз әрбір тұрақ орны үшін тіркелген төлемді ұсынамыз. Бүгінге дейін мемлекетке біздің компаниядан барлығы 1,2 млрд теңге аударылды, оның ішінде: салық түрінде 0,7 млрд теңге, мемлекетке міндетті төлемдер ретінде 0,3 млрд теңге, тұрақ орындары үшін тіркелген төлемдер түрінде 0,2 млрд теңге. Барлығы бірге түсімнің 27%-ы мемлекет бюджетіне төленді. Сондай-ақ, салық төлеуден жалтарғандар 0,9 млрд теңгеге айыппұл төленді. Бұл соманы құқықбұзушылар төлейді", - деп жауап берген ол.Айта кетейік, ақылы автотұрақтар Нью-Йорк, Токио, Мәскеу, Минск сияқты әлемнің көптеген мегаполисінде бар. Оларда ақылы тұрақ жүйесі әртүрлі жүзеге асырылады. Бірақ бәрінің мақсаты бір - автокөлік иелерін қоғамдық тұрақ кеңістігін пайдалануға жауапкершілікпен қарауға үйретіп, жол қозғалысын тәртіпті және қауіпсіз етуге ынталандыру.