Бақытжан Омаров Қазақстанның ТҮРКСОЙ-дағы өкілі болып тағайындалды
Бақытжан Омаров Қазақстанның ТҮРКСОЙ-дағы өкілі болып тағайындалды
315
оқылды

Белгілі журналист Бақытжан Омаров Мәдениет және спорт министрлігінің ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымындағы өкілі болып тағайындалды.

Бұған дейін Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы болып қызмет істеген Бақытжан Омаров Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бакалавриаты мен магистратурасын бітірді. «Қазақстан» телерадиокорпорациясының аударма және тілшілер бөлімдерінде еңбек етті. 2012-2016 жылдарда корпорацияның Түркиядағы меншікті тілшісі қызметін атқарды. Кейіннен «Хабар-24» арнасының бас редакторы болды. Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығының және ТҮРКСОЙ халықаралық сыйлығының лауреаты.