Жаңалықтар Қазақстан Спорт Еуро-2020 кімге бұйырады? Еуро-2020 кімге бұйырады? «Айқын» ақпарат 11/06/2021 09:19 237 оқылды Жұмадан сенбіге ауған түнде әлем жұртшылығы асыға күткен футболдан – Биылғы Еуропа біріншілігі бұрынғыларынан әлдеқайда өзгеше болғалы тұр. Өйткені бірнеше елде, бірнеше стадионда футбол матчтары өтеді. Әдеттегі үздік құрамалар жүлдені өзара бөлісуі тиіс. Өйткені қазір Францияға, Германияға, Англияға, Италияға қарсылас болатын командалар аз. Мүмкін Нидерланд пен Бельгия қарсыласып бағатын шығар. Байырғы жүйріктерден қазіргі Испанияның ойын өрнегі көп күмән туғызады. Бірақ олар да қажет кезде жинала алатын ұжым. Ал енді орта топтан басқа құрамалардың бәсекелес болатынына өз басым аса қатты сеніңкіремеймін. Солтүстік Македонияның ойынында бір серпіліс бар секілді көрінді. Бұл құрама Еуропа чемпионатына сақадай-сай десе де болады. Әрине, көптеген құрама командалар өз алаңында ойнайды. Ол да әсер етуі мүмкін. Мысал үшін Ресей Петерборда Бельгияны қабылдайды. Бірақ өз басым, бұл турнирді футболға керемет жаңалық әкелетін чемпионат болады деп ойламаймын. Өйткені қазір көп бапкер қорғанысқа аса қатты көңіл бөледі. Қарымта шабуылды басты құралы етіп алған. Көбінесе қорғаушыларға күш түседі. Солардың ойын өрнегі біраз шаруаны шешеді. Біздің бала күнімізде, жас кезімізде футболдағы шешуші рөлді шабуылшылар атқаратын. Жартылай қорғаушылар ойынды қолға алатын. Ал қазір кез келген футбол матчын көрсеңіз доп үнемі қорғаушыларда болады. Мұндай футболда кез келген команда ұпай алып кетуі мүмкін. Өйткені қорғаныс бәрін шешеді. Доп көбіне сол қорғаушыларда болады. Сондықтан бұл чемпионатта таңдай қағарлық жарқын ойындарды көре алмайтын шығармыз. Сәкен СЫБАНБАЙ, журналист: – Еуропа чемпионатының басты фавориттері деп құрамаларды үш топқа бөлдім. Біріншісі, қазіргі Әлем чемпионы Франция. Олар тек чемпион болғанынан ғана емес, құрамы жағынан да, күші жағынан да күшейе түспесе еш осал бола қойған жоқ. Сол кездегі құрамадағы жас ойыншылар одан бетер ширады, шеберлігі шыңдалды. Қазір олар сол 2018 жылдағы деңгейінен күшті болмаса, кем емес. Алтын медальға таласта Франция сөзсіз алдыңғы сапта тұрады. Одан кейін тағы үш құраманы ерекше атап өткім келеді. Бельгия, Англия және Португалия. Бұл үш құрама да кейінгі жылдардағы турнирлерде жүлделі орындардан көрініп жүрді. Португалия бес жыл бұрын Еуропаның чемпионы болды. Бельгия мен Англия Әлем чемпионатының жартылай финалына дейін барды. Бұлардың да құрама аса қатты өзгере қойған жоқ. Сапқа аздаған жаңа ойыншалар қосылды. Сондықтан аталған құрамалардың деңгейі өткен жылдармен салыстырғанда көп төмендей қойған жоқ. Одан кейін чемпион болудан дәмесі бар Германия, Хорватия және Италия құрамаларын атап өтуге болады. Бұл үштік те осал емес. Құрамалардың құрамы да біраз өзгерді. Италия 2018 жылғы Әлем чемпионатына бара алған жоқ. Одан кейін бапкер де ауысты. Ойыншыларының да көбі өзгеріске ұшырады. Ал Германия 2018 жылы өте сәтсіз өнер көрсетті. Бапкер де, команданың құрамы да көп өзгермеді. Немістердің топтан шығып, ширек финалға барғанымен ары қарай өтуі жеребеге байланысты. Хорватияны қосқан себебім құрама біраз өзгерді. Ардагер ойыншылардың көпшілігі құрамамен қош айтысты. Қатарға қосылған жастардың бәрі бірдей сол бұрынғы мықтылардың деңгейіне көтеріле алған жоқ. Бірақ жас футболшылардың мінез көрсететін, шеберлігін танытатын мүмкіндіктері бар. Ал сенсация жасауы мүмкін ұжымдардың бірі деп Данияны ерекше атар едім.Польша да мықты құрама. Левандовский сияқты сұрмерген шабуылшысы бар команда кез келген құрамаға қиындық туғыза алады. Осы топқа Украинаны да қоса кеткен жөн. Олар іріктеу ойындарын жақсы өткізді. Бұл командада шешуші сәтте жұмыла кететін ұйымшылдық, табандылық, жігер бар секілді көрінеді маған. Егер плей-офф сатысында фавориттердің біріне тап келіп қалмаса, бұл құрама да ширек финалға дейін баруы мүмкін. Ермұхамед МCУЛЕН, спорт комментаторы, Қазақстан футбол федерациясының баспасөз хатшысы: – Менің ойымша, бұл Еуропа чемпионатының басты фавориті Бельгия құрамасы. Өйткені құрама сапында Лукаку, Бентеке, Батшуайи, Мертенс бастаған мықты ойыншылар бар. Қорғанысы да мықты. Қақпадағы Тибо Куртуаның өзі бір төбе. Аталған турнирді «қызыл сойқандардың» жеңетін кезі келді. Бүгінде бұл құраманың алтын дәуірі өтіп жатыр десек те болады. Бір топ талантты футболшылар шоғырланған үздік құрама. Өз басым Бельгияның чемпион болатынына сенемін. Турнирдің үздік сұрмергені болуға Лукаку да таласады деп ойлаймын. Биыл «Интер» сапында керемет өнер көрсетті. Маңызды голдарды соқты. Ал Еуропа чемпионатында тосынсый жасайтын құрамалар туралы айтар болсам, олардың қатарында Солтүстік Македония құрамасы мен Венгрия ұжымы болуы әбден мүмкін. Екі құраманың ойыны да, ойыншылары да бас бармақпен бағалауға тұрарлық. Сонымен қатар Гарет Бейл бастаған Уэльс құрамасы да талайдың таңдайын қақтыра алатын құрамалардың қатарынан. Мейрамбек ҒИМРАНОВ, футбол жанкүйері: – Бұл пікіріммен көпшілігі келіспеуі мүмкін. Бірақ өзімше болжам жасап көрейін. Турнирдің басты фавориттерінің бірі Англияның құрамы мықты болғанымен ойыншылары арасында қатты байланыс жоқ. Бұл –командалық ойындағы ең бірінші ескерілетін жайт. Сондықтан олар әдеттегідей сол ширек финалдан қайтатын шығар. Басты фовориттерді көрсете кетейін. Олар Франция, Португалия, Бельгия, Нидерланд. Бұл қатарға Түркияны қосқым келеді. Нидерланд ван Дейксіз қорғаныста жақсы ойнап үйренсе, Вейналдум мен Депайдың жұбы кез келген азулы қарсыласқа төтеп бере алады. Сенсацияны түрік бауырларымыздан күтемін. Бурак Йылмаз үздік сұрмергендердің қатарынан көрінсе таңғалмаймын. Ал турнирдегі ең мықты құрама – Португалия. Ондағы жігіттер еуропаның азулы клубтарында ойнайды және тәжірибелері баршылық. Ылғи сен тұр, мен атайындар жиналған. Бельгия құрамасы өз-өздеріне проблема жасамаса, оларды да финалдан көріп қалуымыз әбден мүмкін. Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ, саясаттанушы, футбол жанкүйері: – Португалияның чемпиондық атағын қорғауға төрт құбыласы тең деп ойлап отырмын. Құрамы мықты. Бапкері де бұрынғы дейді. Оған Роналдудың соңғы біріншілігі дегенді қосамыз ғой баяғы. Кеше ғана әлем чемпионы болған Францияның чемпион атану мүмкіндігін жоғары бағалап отырғандар көп. 1998 жылғы әлем кубогынан кейін өткен Еуропаның 2000 жылғы басты жүлдесін оңай алған олар. Сол сериялы чемпиондықтың белортасында бүгінгі бапкер Дешам жүрді. Өзім 21 жыл жақтасып келе жатқан Англия да үнемі фавориттер қатарында жүреді. Бірақ нәтижесі көңіл көншітпейді. Спорт мамандары мен сарапшыларының пікірі осындай. Ал сіз не дейсіз, құрметті оқырман? Абылайхан ЖҰМАШ