Елімізде полицейлер енді аяғына кроссовка киеді. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Біз жыл соңында көшеде жүретін учаскелік инспекторлар мен патрульдік полицейлерге жаңа форма кигіземіз. Ол сынақтан сәтті өтіп, өте ыңғайлы екенін көрсетті. Көшеде қызмет атқару үшін жаңа элемент – кроссовка, берцы түріндегі аяқ киім енгізіліп отыр. Өйткені халықпен тығыз жұмыс істейтін тәртіп сақшыларының киімі ыңғайлы болуы тиіс», - деді Ерлан Тұрғымбаев.
Жаңа формада түнгі уақытта алыстан көріну үшін жарыққа шағылысатын элементтер де қарастырылғанын атап өтті.
Министрдің айтуынша, алдағы екі жылда еліміздің барлық полицейлері жаңа форма киеді.