"19 мың жәбірленуші бар": Тұрғымбаев ІІМ тергеп жатқан ең ауқымды қылмыстық іс туралы айтты
"19 мың жәбірленуші бар": Тұрғымбаев ІІМ тергеп жатқан ең ауқымды қылмыстық іс туралы айтты
237
оқылды
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев  "Гарант 24 Ломбард" ісі тергеліп жатқан қылмыстық істердің ішіндегі ең ауқымдысы екенін айтты.  
"Бұл ІІМ тергеп жатқан қылмыстық істердің ішіндегі ең ауқымдысы. Ол 19 өңірде тіркелген, 48 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды,  19 000 адам жәбірленуші ретінде танылды, көп мүлікке  – көліктер, жылжымайтын мүлік, ақшаға тыйым салынды", - деді министр.
Министрдің айтуынша, іспен танысу мерзімі аяқталды. Таяу уақытта сот процестері басталады.