Жыл басынан бері Қазақстанда 84 бала суицид жасаған
Жыл басынан бері Қазақстанда 84 бала суицид жасаған
189
оқылды
Жыл басынан бері елімізде кәмелеттік жасқа толмаған 84 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсап, өмірімен қош айтысты. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, жалпы 248 жасөспірім өзіне қол жұмсамақ болды. Полиция қызметкерлерінің арқасында оның 164-і құтқарылды.
 «Әрбір үшінші оқиғаның себебі - жасөспірімнің ата-анасы немесе туыстарымен ұрсысып қалуы. 12%-ы өзін жалғыз сезініп, өмірмен қоштасқысы келеді. 10%-ы достарына ренжіген. 3%-ы оқу орнына және тұрмыс жағдайына көңілі толмай өз-өзіне қол жұмсайды», - деді Ерлан Тұрғымбаев.