Әлімхан Ермековтің дауысы жазылған үнтаспа: Баяндама жасадым, біздің Семейдің, Ақмоланың Қазақстанға кіруі туралы. Ол уақытта Қазақстан автономиясы жасалмаған болатын. Сонымен, мені ал, енді сен ақыры келдің ғой Семей, Ақмола мәселесі туралы мұның бәрі ...3 рет Кремльмен дауласып Қазақстанның солтүстік шекарасын анықтап берген. Қанат Өскембаев, әлімхантанушы: Алтайдың Коростелев даласы, Омбыға кіретін Ақмола мен Семей өңірі, одан кейін Каспийдің солтүстік жағалаулары. Осы жерлер өте маңызды, стратегиялық өңірлер болған, бүгінде олар қазақ жеріне кіріп жатыр. Сол кезде Әлімхан Ермековтер болмаса, Каспийдегі біздің мұнай бүгінде болмас еді. Ол Ресейдің территориясына кетіп қалушы еді. Келіссөз нәтижесінде Батыс Қазақстан өңірі, Каспийдің солтүстік жағалаулары мен Семей, Ақмола облысының жері, кейіннен Коростелев даласы Қазақстанға қайтарылды.
Әлихан Бөкейхан Әлімхан Ермековтің көпшілік алдында сөйлеген кезі туралы былай деді: «Мен Әлімхан сөйлегенде көтеріліп басылған жанартаудың үстінде отырғандай болдым. Сөйлегендегі жалыны бетімді шарпыды».Арыстан Ибадулла, Ә. Ермековтің шәкірті, ҚарМТУ профессоры: Лекцияны оқығанда үлкен шабытпен оқитын. Ондай лекторды көргем жоқ. Ол кісі ешқандай құралды пайдаланбайтын. Тікелей айтып жататын. Ә. Ермеков бірнеше тілді жетік білді: француз, ағылшын, неміс және абақтыда отырып итальян тілін үйренген. Арыстан Ибадулла, Ә. Ермековтің шәкірті, ҚарМТУ профессоры: Сосын ол кісінің айтатыны бірнеше тіл білу керек дейтін сол кезде. Біз айтатынбыз Абай айтты орыс тілін білсең, көңілің ашылады, бүкіл әлемді танисың деген. Ол орыстың тілі бір-ақ тіл ештеңе емес, басқа тілдерді де білу керек деп сол кезде айтатын. 22 жасында саяхатшы, этнограф Григорий Потанинге қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерін, ертегі, жырларын бір ай бойы тәржімалады. Оған ғалымның «Тоқырауын өзеніне барғанда» деген мақаласы дәлел болады.
«Тоқырауын еліне бару үшін маған сол жердің ертегісін, сол жердегі эпикалық дүниелерді жинауға ықпал еткен Әлихан Бөкейханов. «Тоқырауынға барыңыз, сізді Ермеков ертіп барады, сіздің жолбасшыңыз болады», деді». («Сибирская жизнь» газеті)Ә. Ермеков ұстазы Михаил Усовты Қаныш Сатпаевпен таныстырып, геология ғылымына қызықтырған. Оны Томбыдағы тау-кен факультетіне оқуға түсірді. Ал өкпе ауруына шалдыққан ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Томбы қаласында емделуіне көмектесті. Қанат Өскембаев, әлімхантанушы: Томның политехникалық институтына 1912 жылы түсіп, 1923 жылы аяқтаған адам. Қарасаңыз, 10 жыл оқыған. Өйткені 1917, 1920 жылдардағы оқиғалар кедергі болды. Ол кезде қоғамдық, мемлекеттік қызметпен шұғылданды, Әлихан Бөкейхандардың қасында жүріп. Соған қарамай 1920 жылы шекара мәселесімен шұғылданып, сол істі аяқтағаннан кейін бұл кісілерді Кеңес үкіметі биліктен, мемлекеттік, қоғамдық іспен айналысуға бөгет жасай бастады. Олар кетуге мәжбүр болды. Оны қызметінен аластата бастағанда Қарқаралыға барып, мектептер ашып, қазақ балаларына білім берумен айналысты. Қанат Өскембаев, әлімхантанушы: Баянауыл, қазіргі Ақтоғай, Кент өңірі, Қарқаралының өз басында мұғалімдер училищесін ашып, орта мектептерді ашып. Оған Семейден, Том қаласынан, Омбы қаласынан мұғалімдерді шақырып, қазақ балаларының білім алуына түрткі болды. «Ұлы математика курсы» оқулығының 1-бөлімін шығарды. Сол үшін профессор атағын алды. «Математика басылымдарындағы ғылыми терминдері» және «Детерминанттар теориясының негіздері» атты еңбектері шықты. 1917-1919 жылдары Алаш қызметінде болып, ұлттық территориялық аймақпен шұғылданғаны үшін «халық жауы» деген жаламен 58-баптың 8-тармағы бойынша сотталады. 79 жыл өмірінің 25 жылында қуғындалып, оның 18 жылын түрмеде өткізді. Сібірдің қатаң жазалайтын Воркута, Канск қалаларындағы түрмелерінде отырды. Жазушы, тарихшы Мұхтар Мағауиннің әкесі Мұқан Әлімхан Ермековпен тұтқындар лагерінде бірге болған. Ол Әлімхан туралы былай еске алды:
"... Заңды жетік білгендіктен ол кейбіреулерге рақымшылық жасау және жаза мерзімін азайту туралы өтініштерін сауатты түрде жазуға көмектесетін. ..".Тарихшылардың айтуынша, Әлімхан Ермековтің түрмедегі азаптаулардан аман қалуына білімі көмектескен. Абақтыдан аман шығып, Қарағандыға келгенде оған Ленин көшесіндегі (қазіргі Абай) 58-үйдің 8-пәтері берілді. Оны айыптаған баптың нөміріне сәйкес еді. Қанат Өскембаев, әлімхантанушы: Мен 1954 жылы келгенде Қарағандыға келіп маған үй берді дейді, Ленин көшесі ол кезде, қазір Абай көшесі. Абай көшесінде 58 үйді берді дейді. 58 үйде тұрдым. Өзім таңғалдым дейді басында. Квартираны қарасам 8-пәтер. Менікі 4-пәтер болуы керек, негізі. 1-этажда. Сонда бірінші пәтерді жоғарыдан бастаған. Жоғарыда 4 пәтер, төменде 4 пәтер. Соның ең соңғысы 8 ғой, ортадағы тұрған пәтерді, 8-пәтер етіп маған берді, дейді. Өмірдің маған берген сайқымазағының біреуі шығар деп есіме алатынмын дейді. Абақтыдан шыққан соң Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің жоғары математика кафедрасында дәріс оқыды. Арыстан Ибадулла, Ә. Ермековтің шәкірті, ҚарМТУ профессоры: Сол кезде 66 жаста еді 1956 жылы соған қарамай ол кісі сондай ширақ, импозантный, керемет, нұрлы жүзді адам болып көрінетін. Сол бейнесі біздің есімізде мәңгілік қалды. Қанат Өскембаев, әлімхантанушы: Алғашқы қуғын-сүргін 1928-32 жылы болды. Екінші үлкен толқын 1937-1939 жылдары болды. Соғыстан кейін болды. Осы үш толқынға да Әлімхан Ермеков ілікті. Содан аман қалған адам Алаштың соңғы тұяғы, соңғы магиканы – осы Әлімхан Ермеков. Қалғандарының 99%-ы қырылып қалды. Биыл Әлімхан Ермековтің туғанына 130 жыл толды.