Оқушының өлімі: Түркістан облысында мектеп директоры жұмысынан уақытша шеттетілді
Оқушының өлімі: Түркістан облысында мектеп директоры жұмысынан уақытша шеттетілді
229
оқылды
Түркістан облысында 15 жастағы Эльвира Мықтыбек мектептегі емтиханнан кейін өзіне қол салды. Қайғылы жағдай 2 маусымда Ордабасы ауданындағы Көкарал елді-мекенінде болған. Қара жамылған отбасы бұл оқиғаға мектеп директорын кінәлаған болатын.
«Емтиханның соңында жеке алып қалған. Не айтып, не қысым жасағаны белгісіз. Қарындасым сыртқа қатты ызаланып, жылап шыққан. Бұған мұғалімдер мен сыныптастары да куә. Қалған үздік аттестатқа үміткер оқушыларға қысым көрсетпеген. Олардан ақша алуы да мүмкін. Ауыл арасында ондай әңгіме де бар. Осындай қысымнан кейін бұған дейін беске оқыған қарындасым бір сабақтан төртке шығып, қатты күйзеліске ұшырап, суицид жасады», - деп, видео-үндеу таратқан еді марқұмның ағасы Нұрдәулет Мықтыбек.
Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Абдалиева Azattyq Rýhy тілшісіне берген сұхбатында Эльвира Мықтыбек оқыған М.Жұмабаев атындағы жалпы орта мектептің директоры Айсара Стаева қылмыстық іс аяқталғанша жұмысынан уақытша шеттетілгені жөнінде хабарлады.
«Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының 07.06.2021 жылғы №176 бұйрығымен зерделеу комиссия тобы құрылып, Ордабасы ауданындағы «М.Жұмабаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (Ордабасы ауданы, Көкарал ауылында орналасқан) 9 «ә» сынып оқушысы Эльвира Ақылбекқызы Мықтыбектің суицид оқиғасына қатысты мән-жайды анықтау жұмыстары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Сондай-ақ мектеп директоры жұмыстан уақытша шеттетілді. Алдағы уақытта Ордабасы аудандық полиция бөлімінің тергеп-тексеру амалдарының нәтижесі мен Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының қорытындылары жарияланады», - деді Махаббат Махамбеткәрімқызы.
Көкаралдағы аталған орта мектептің директоры Айсара Стаева болса, бұған дейін тілшілерге берген сұхбатында ешкімге қысым жасамағанын айтқан.
«Төраға ретінде маған орын берді, мен сол орында отырдым. Баланың төбесінен қарап, қасына барып ештеңе істеген жоқпын. Қысым? Қысым жасаған жоқпын», - дейді М.Жұмабаев атындағы жалпы орта мектептің директоры Айсара Стаева.
Қазір мектепте тергеушілерден бөлек, арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Мән-жайды солар анықтамақ. Сонымен қатар полиция бұл жағдайға қатысты «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Ал марқұмның анасы Айман Қанайқызы қызы телефонына хат жазып қалдырғанын айтты.
«Телефонында «Мама! Кешіріңізші! Сіздің үмітіңізді ақтай алмадым. Сіздің атыңызға жақсы ат келтіре алмадым» деген сообщениесі тұр екен. Оны жібермеген», - дейді марқұмның анасы.
Бұған дейін 15 жастағы үздік оқитын