Жамбыл облысындағы ер адамдардың жанжалы өліммен аяқталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
9 маусымда сағат 21.20-да Меркі аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын белгісіз адамдар шаруа қожалығына келіп, ағасын атып өлтіргені туралы хабар берген. Полицейлер оқиға орнына келген соң шаруа қожалығының иесі мен жергілікті үш тұрғынның арасында жанжал туындағаны, оның барысында ер адамдардың бірі фазенда иесіне тіркелген тегіс ұңғылы мылтықтан оқ атып кеткені анықталған..
Алайда ер адам жарақат алғанына қарамастан, көлігімен оларды қуып жетіп, екінші көлікті әдейі соққан. Салдарынан жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты, ал оның жолаушысы жарақат алды.
Аяғы мен қолынан бытыра оғынан жарақат алған ер адам Меркі ауылындағы аудандық орталық ауруханаға жатқызылды.
https://www.youtube.com/watch?v=MC2EAbvSs9M&feature=emb_title
Полицейлер төбелеске қатысқандардың бәрін ұстады, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалған. Істің мән-жайы анықталып жатыр.