Қырғыз депутаты: шекарадан өткенде қазақ жағы 5 мың доллар сұрайды
Қырғыз депутаты: шекарадан өткенде қазақ жағы 5 мың доллар сұрайды
5,175
оқылды
Жогорку Кеңеш депутаты Таабалды Тиллаев үкіметтен Қазақстанмен шекарадағы өткізу бекеттерінде жүк тасымалдаушылардың ұзын-сонар кезегін шешуді сұрады. Оның сөзінше, қазақ жағы шекарадан өту үшін ақша талап етеді.
"Қазақстан арқылы транзитке байланысты маған жүк тасушылар хабарласты. Олар көршілер ай сайын бір жүк көлігі үшін 4-5 мың доллар талап етіп жатқанын айтады. Мен ЕАЭО аясында кездесу өткізуді сұраймын. Сіздер қазір "Дордой", "Қара-Суу" базарындағы жағдайды жақсы білесіңдер", — деді Тиллаев 10 маусымда өткен Парламент отырысында.
Мамыр айының соңында "Ақтілек" өткізу бекеті арқылы Қазақстанға өту үшін 80-90 көлік кезекте тұрған күндер болған. Шекара қызметі мұндай ұзын-сонар кезек экономикалық қатынас жанданып, жүк көлігі тасымалы көбейгенімен байланыстырған. Қазақстан арқылы жүк тасушылар мәселесі 3 маусымда қырғыз үкіметінің басшысы Улукбек Мариповтың Қырғызстандағы қазақ елшісі Рапил Жошыбаевпен кездесуі кезінде талқыланған.