Павлодарда автотұрақта көлік жанып кетті
Павлодарда автотұрақта көлік жанып кетті
163
оқылды
Бүгін Павлодар қаласында жеңіл көлік өртенді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz сайты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 маусым күні сағат 11.26-да Ломов көшесі, 45 мекенжайы бойынша өрт туралы хабарлама түскен.
- Автокөлік тұрағында 1998 жылы шыққан «Mitsubishi Galant» 14 көлігінің мотор бөлігінде резеңке-техникалық бұйымдар, электр сымдары жанған, салонның жалпы ауданы 5 шаршы метр аумағы толығымен өртенген, – дейді департамент.
Сағат 11.39-да өрт жойылды. Оқиға орнына жеке құрамнан 5 адам және 1 техника шықты. Өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.