Иерусалимде асфальт опырылып түсті. Соның салдарынан пайда болған шұңқырға бірнеше көлік құлап кетті, — деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Төтенше жағдайлар қызметі автокөліктерді шұңқырдан кранның көмегімен шығарған. Көліктердің барлығы жарамсыз болып қалды, - деп жазды RT. Оқиғаның видеожазбасы Global News YouTube арнасында жарияланды. Барлығы үш көлік жер астына кеткен. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ — бұл көліктерде жүргізуші мен жолаушы болмаған. Оқыс оқиға "Шаарей-Цедек" медициналық орталығының жанында болды.