Екі әйел алған Қырғызстан азаматы қылмыстық жазаға тартылып жатыр.
Джалал-Абад облысы, Созақ ауданы полициясының мәліметінше, ҚР ҚК «Екі немесе одан көп әйел алу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Жаз айының басында әлеуметтік желіде Созақтағы үйлену тойының видеосы қызу талқыға түсті. Кейін ер адамның бірінші әйелімен ажыраспаса да, екінші рет отбасын құрғаны анықталды.
Сондай-ақ, видеода ер адамның бірінші әйелі де тойға қатысып, оны тоқал алуымен құттықтайды.
"Мен бақталасыма емес, сіңліме бақыт тілеймін", — дейді бірінші әйелі тілегін білдіріп тұрып.
Қырғызстанда көп әйел алуға қатысты қылмыстық жаза қолданылады.