14 маусымда республиканың басым аумағында жауын жауып, тұрақсыз ауа райы сақталады деп хабарлады «Қазгидромет».
Еліміздің солтүстігі мен оңтүстігінде күн ашық, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.
Жамбыл облысында күн күркіреп, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы ықтимал. Жел жылдамдығы кей жерлерде секундына 23-28 метрге дейін жетеді.
Түркістан облысында таулы аудандарда күн күркірейді, кей аудандарда 17-22 м/сек жылдамдықпен дауылды жел соғады.
Қызылорда облысында да 23 м/сек жылдамдықпен жел соғып, құмды дауыл көтеріледі.
Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында күн күркіреп, бұршақ жауады деп күтілуде. Жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Маңғыстау облысында құмды дауыл көтеріледі.
Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында да күн күркіреп, найзағай ойнайды. Жел жылдамдығы секундына 15-20 метр.
Ақтөбе облысында түнде күн күркірейді. Секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Алматы, Қостанай және Павлодар облыстарында жауын жаумайды. Дегенмен, секундына 15-20 метр жылдамдықпен дауылды жел тұрады.
Ақмола облысында күн күркіреп, найзағай ойнайды. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі.
Атырау облысында және Қостанай облысының оңтүстігінде күн қатты ысып, өрт қаупі сақталады.