Қазалыда көпқабатты үйдегі өрттен 5 жасар бала көз жұмды
Қазалыда көпқабатты үйдегі өрттен 5 жасар бала көз жұмды
204
оқылды
Қызылорда облысында көпқабатты үйде болған өрттен бес жастағы ұл бала көз жұмды. Оқиға 13 маусым күні сағат 18.39-да Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентіндегі бес қабатты үйдің төртінші қабатындағы пәтерде болды. Пәтердегі киімдер мен жиһаздардың өртенуінен жалын 16 шаршы метр аумаққа жайылған.
«Өрт салдарынан бөлме ішіне тараған көмірқышқыл газынан бес жастағы ұл бала көз жұмды. Төтенше жағдайлар саласы мамандарының күшімен көпқабатты үйден сегіз адам құтқарылды. Оның ішінде екеуі бала. Сондай-ақ, оқиға орнынан сыйымдылығы 50 литрлік екі газ баллоны сыртқа шығарылды. Өрт сағат 19.10-да толықтай сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда», - деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі.