Жыл басынан бері Маңғыстау облысында құлдықта болған 8 адам құтқарылды, - деп хабарлайды Lada.kz. Олар - Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары.
Өңірде құлдыққа түсіп қалатын адамдардың көбі осы екі елден келетін гастарбайтерлер екен. Оларды, негізінен, құрылыс жұмыстарына немесе үй шаруашылығына жұмысқа салады.
Еске салайық, 9 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқықтары саласындағы одан арғы шаралары туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Қоғам белсенділерінің пікірінше, осы құжат күшіне енгеннен кейін елімізде адам саудасы мәселесінде оң өзгерістер болуы тиіс.