Алматыда полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып өлтірді
Алматыда полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып өлтірді
123
оқылды
Алматыда жеңіл көлік жаяу жүргіншіні қағып мерт қылды. Қайғылы оқиға 14 маусым таңғы 7:00 шамасында болған. Алатау ауданында Hyundai Elantra маркалы қызметтік көлігінің жүргізушісі Өтемісұлы көшесімен жүріп келе жатып, маневр жасаған көліктен қашамын деп жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Hyundai Elantra көлігінің жүргізушісі Өтемісұлы көшесінің оңтүстік бағытында келе жатып, кенеттен маневр жасай бастаған көлікпен соқтығысуды болдырмау үшін автокөлік жуу орнының шығыс жағына қарай шығып кетті, сол жерде жаяу жүргіншіні - С.есімді азаматты қағып кетті. Сондай-ақ, «Газель» автокөлігіне соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші көз жұмды. Аталған факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлімі бойынша тіркелді. Қылмыстық істі Алматы қалалық ПД анықтау басқармасы жүргізуде. Жүргізушіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде»,- деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.