Лайфхак: еліміздегі банк карталарына ешқандай комиссиясыз ақша аударуды білесіз бе?
Лайфхак: еліміздегі банк карталарына ешқандай комиссиясыз ақша аударуды білесіз бе?
346
оқылды

Бір банк картасынан екінші картаға ақша аударғанда комиссия ұсталатыны бесенеден белгілі. Бірінде тиын-тебен болса, енді бірі әжептәуір пайызын алады. Қараптан-қарап артық ақша бергің келмейді, сондықтан барынша аз пайыз төлеп ақша аударудың қыр-сырын айтайық.

Біріншіден, Simply бағдарламасын жүктеп, тіркеуден өтіңіз. Simply дегеніміз – цифрлы төлем картасы немесе әмиян деуге болады. Айына 300 АЕК дейін аударуға болады. Әр аударған ақшаға бонус түседі. Ол бонус төлем ретінде пайдаға жарамды. Тіпті, осыған тіркелген үшін 750 бонус беріледі. Негізі 1 бонус 1,1 теңге. Сондықтан түскен бонусты әмиянға аударса, 825 теңге түседі. Екіншіден, тіркеуден өткен соң бас мәзірде «Виртуалды карта» деген бөлімі бар. Соған кіріп, «онлайн рәсімдеуден» өтесіз. Кәдімгідей жеке куәлігіңіздің көшірмесі мен өз суретіңізді жібересіз.

Үшіншіден, әмияныңызды ақшаға толтырып, қажетті төлемді жасау мүмкін. Бастысы, бас мәзірдегі қажетті банк картасын таңдап, тиісті қаражатты аудара аласыз. 2-3 минутта ешқандай комиссиясыз төлем жасалады. Егер төлем үлкен сомада болса, аз бөліктен 2-3 қайтара істеу керек. Осы арқылы кез келген интернет-сауда жасауға болады.

Мысалы, бір Halyk bank картасынан екінші Halyk bank картасына ақша аудару тегін, яғни комиссия ұсталмайды. Ақшаны алушының телефон нөмірі арқылы немесе карта нөмірі арқылы аударуға болады. Halyk bank картасынан басқа банкке ақша аударғанда комиссия үшін 150 теңге алынады. Комиссия сомасы аударылып жатқан ақша көлеміне қарамайды: 10 мың теңге аударсаңыз да, 100 мың теңге аударсаңыз да, банк тек 150 теңге комиссия ұстайды. Тариф тұрақты. Сонымен қатар Halyk bank қосымшасы арқылы немесе банк картасы арқылы кез келген төлем жасалса, кепілдендірілген 1% бонус беріледі. Банк серіктестері желісінде сауда жасалса, 25%-ке дейін бонус алуға болады.