Атырау облысында жұмысшы әріптесін жүк көлігімен басып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
12 маусым күні сағат 17:00 шамасында Теңіз кенішіндегі зауыттардың бірінің аймағында орналасқан үйілмелі топырақ қасында Shacman жүк тасымалдау автокөлігінің 1987 жылы туылған жүргізушісі қауіпсіздік ережелерін сақтамай, сол мекемеде жұмыс істейтін 1992 жылы туылған қызметкерін көлікпен басып кеткен.
Ер адам оқиға орнында қаза тапқан.
Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.