Бес жігіт Петропавлдағы демалыс базаларының бірінде 17 жастағы қызды зорлады деп күдікке ілінген.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 маусым күні полицияға «Березовая роща» демалыс базасының аумағында қызының зорланғанын айтып Петропавл тұрғыны арызданған.
"Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 17 жастағы қызға қатысты қылмыс жасады деген күдікпен демалыс базасының аумағында демалған Петропавл қаласының 17 мен 20 жас аралығындағы бес тұрғыны ұсталды", – деді Полиция департаменті баспасөз қызметі.
Үш жігіт уақытша изоляторға қамалған, қалған екеуіне қатысты бұлтартпау шарасын тағайындау туралы мәселе тергеу әрекеттерінің нәтижелері бойынша шешіледі.
Қазір сотқа дейінгі тергеу аясында сот сараптамалары тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр.