Оқиға ақпан айында болған. 22 жастағы жергілікті тұрғын үш жастағы мүгедек қызын аяусыз ұрып, қызы ауруханада бір жарым ай ес-түссіз жатып қайтыс болды. Прокурорлар бүлдіршін анасынан талай рет таяқ жегенін айтып отыр. Бұл туралы жәрдемақы себеп дейді.
Мемлекеттік айыптаушы Юлия Сысоева: «Голошова мүгедек қызын төсекке сүйеп тұрғызып, баланың желкесінен оң қолмен ұрған. Ал сол қолымен бүлдіршіннің оң иығынан ұрып, ол еденге басымен құлаған. Содан есінен танған», – дейді.