Алматы облысында 4 оқушыны көлігімен қаққан мас жүргізушіге үкім шықты
Алматы облысында 4 оқушыны көлігімен қаққан мас жүргізушіге үкім шықты
234
оқылды
Алматы облысында 4 оқушыны көлігімен қаққан мас жүргізуші 10 жылға сотталды. Еңбекшіқазақ ауданында болған жантүршігерлік оқиға салдарынан 9-10 жастағы екі қыз бала ауруханада көз жұмған болатын, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бүгін Еңбекшіқазақ ауданындық сотының судьясы Айнұр Балтақай үкім шығарды. Еңбекшіқазақ ауданындағы Қорам ауылының 54 жастағы тұрғыны А. Демесінов 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Естеріңізге сала кетейік, 2 наурыз күні сағат 18:40 шамасында Еңбекшіқазақ ауданының Қорам ауылында мектептен қайтып келе жатқан 4 оқушыны көлік қағып кеткен еді. «Уаз» автокөлігі жол жиегінде тұрған 10 жасар екі және 9 жастағы екі қызды қақты. Артынша Қорам ауылының 54 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол көлікті мас күйінде жүргізген. Әртүрлі дене жарақатын алған үш бала ауруханаға түсті. 14 наурыз күні бір оқушы, 4 сәуір күні екінші оқушы есін жимастан көз жұмды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мас жүргізушіге қатысты тергеуді өз бақылауына алғаны хабарланған болатын.