Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен «Лукойл» компаниясының президенті Вагит Алекперовті қабылдады, - деп хабарлады elbasy.kz.
Кездесуде мұнай-газ саласындағы әріптестікті дамыту мәселелері мен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспары талқыланды.– «Лукойл» компаниясы Қазақстанда бұрыннан келе жатқан ірі инвесторлардың бірі. Сіздер «Теңіз», «Қарашығанақ» сияқты кен орындарында жұмыс істейсіздер, «Каспий құбыр консорциумының» инфрақұрылымдық жобасына қатысып жатырсыздар, – деді «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің Төрағасы.В.Алекперов Елбасыға бірлескен жобаларды іске асыру, соның ішінде Каспий теңізіндегі бірқатар кен орындарын игеру арқылы Қазақстан экономикасына салынатын инвестиция көлемін арттыру жоспары туралы айтып берді.