Қарағанды қаласы әкімінің экс-орынбасары қамаудан босатылды
Қарағанды қаласы әкімінің экс-орынбасары қамаудан босатылды
189
оқылды
Қазыбек би аудандық сотының қаулысына сәйкес, Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары болған Жақсылық Шалабеков бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Жақсылық Шалабеков үкім жарияланғаннан кейін алты күн темір тордың ар жағында отырды. 14 маусымда Қазыбек би аудандық соты оны жазасын өтеп болуына байланысты қамаудан босату туралы қаулы шығарды. Сот құжатында Жақсылық Шалабековтің 2020 жылы 12 қыркүйектен бастап қамауда болғаны айтылған. Ол 13 маусымда босатылуы керек еді.
«Сот үкімі бойынша, Жақсылық Шалабековке 2020 жылғы 12 қыркүйектен бастап үкім заңды күшіне енгенге дейін қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеудің екі күні үшін күзетпен ұстаудың бір күні есебімен қамауда болған уақыты есепке алынды. Бас бостандығынан айыру түріндегі жаза мерзімі 2021 жылғы 13 маусымда аяқталды, одан әрі оны ұстау заңсыз және оның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзады. Көрсетілген жазаны ескере отырып, сотталған адамның жаза мерзімінің аяқталуына байланысты ол қамаудан дереу босатылды», - делінген Қарағанды Қазыбек би аудандық сотының қаулысында.
Еске салайық, 2020 жылдың 5 қыркүйегінде Қарағанды әкімінің бұрынғы орынбасары Жақсылық Шалабеков қамауға алынды.