Байден-Путин кездесуі: мүдделер соқтығысы
Байден-Путин кездесуі: мүдделер соқтығысы
247
оқылды

Қазақстандық және ресейлік «Құрама Штаттар Ресеймен қақтығысуға құштар емес. Мен бұл жайында бұрын айтқанмын, енді Женевадағы келіссөздеріміз бары­сында президент Путинге айтпақ­пын. АҚШ пен Ресей ортақ пайда үшін ынтымақтаса алатын салалар бар. Сонымен бірге біз Мәскеудің зиянды белсенділігіне де лайықты үн қатып отыратын бола­мыз. Әсі­ресе, кейінгі кезде Ресей­дің осындай залалды бел­­­­­сенділігі киберсалада артып бара жатқаны байқалады. Ресей мен Қытай НАТО бойынша одақтастар арасына сына қағуға тырысуда. Бұдан бөлек, келіс­сөздер бары­­­­сында одан әрі аттап басуға бол­майтын «қызыл сызықтарды» өзара нақтылап алатын бола­­­­мыз», – деді АҚШ лидері. Айта кету керек, қырғиқабақ со­ғыс кезінде Американың Түр­кияда атом қаруын, ал КСРО-ның Кубада ядролық оқтұмсықтары бар зымырандарды орналасты­руы – осындай «қызыл сызыққа» айнал­ды. Соғысу алдында тұрған қос алпауыт әлгі елдерден бір-біріне кезенген «ақырзаман қа­руын» өзара алып кетіп, тын­шы­ды. Қазір мысалы, НАТО-ның посткеңестік кеңістікке өркен жайып, ықпал аймағын кеңейту талаптары Кремльдің ыза­сын ту­ғызды. Осы орайда Джо Байден Ук­раинаның НАТО-ға кіруі уақыт­ша доғарылатынын жеткізді: «Ук­раина НАТО-ға кіре ме? Менің жауа­­­бым: жоқ! Себебі кірмес бұ­рын украи­налықтарға бірінші кезекте корруп­циядан арылу қа­­­жет болады. НАТО-ның басқа да талабына сәйкес келуі шарт. Сон­­да ғана Киев альянс басшылы­­­­ғы­нан ұйымға мүше болу бойынша іс-қимылдың нақты жос­парын ала алады». Бір қарағанда, Женевадағы ке­ліссөздер үшін жақсы тұғырнама қаланғандай. Тіпті, тараптар көп салада уағдаласып, құшақтасып та­расатындай пікір қалыптасуы мүм­кін. Бірақ олай емес секілді. Джо Байден журналистерге сұхба­­тында Путинге қатысты жеке пі­кірін өз­гертпегенін нықтады. «Онымен бұрын жеке кездес­кенмін. Менің ойымша, ол ақыл­­ды, қатаң адам. Лайықты қарсы­­лас. Әйткенмен, Путинді «кісі өлтіруші» деп атағанда, мен адал болдым, шын ойымды айттым. Бұл елдің іс-қимылы қауіп туды­рады. Айталық, егер Алексей На­вальный түрмеде өліп қалса, бұл нағыз трагедияға, сондай-ақ бүкіл әлемге берілген белгіге айналады: бұл – адам құ­қықтарын сақтауға Мәскеудің еш ниеті жоқ деген сөз. Егер солай болса, ол Ресейдің өзге елдермен, соның ішінде АҚШ-пен қаты­насына нұқсан келтірері сөзсіз», – деді Америка президенті. Бұған қоса, АҚШ Ресейге қарсы кезекті санкцияларды әзір­леуден бас тартпай тұр. Сон­­­дық­тан ре­сейлік саясаттанушылар оның ая­сында келіссөздер жүр­гізудің еш мәні жоқ деген бай­ламын айтуда. Strategic Culture басылымының талдауынша, Байден алдағы сам­митте Путинге арнап, «аме­ри­калық тұзақ» құруда: ол қақпанға Мәскеу бұрын да талай түсіп қа­­лыпты. Мәселен, 10 жыл бұрын АҚШ мемхатшысы Хиллари Клинтон мен Ресей СІМ-інің бас­шысы Сергей Лавров «қайта жүк­теу» (пере­заг­рузка) деген жа­зуы бар симво­ли­калық бастыр­ма муляжын бірлесе жоғары көтеріп, екі ел қатынасын қайта жүктеген болатын. Осы әдемі рәсімнен кейін Уашингтон Ук­раина­дағы «еуромайданға» ара­ласты, Киев­тен ресейшіл билікті тайдырып, ел тізгінін Американы жақтайтын тұлғалардың алуына ықпал етті. «Демек, Мәскеу Уа­шинг­тонның жасанды кеңпейіл­дігіне сенбегені жөн» деп тұжырым­дайды Strategic Culture сарапшысы Тим Кирби. Time журналы болса, өз мұқа­басына қос лидердің емес, тек Джо Байденнің бейнесін басты. Ал Пу­тин АҚШ президентінің көзілдірі­гіндегі көрініс ретінде ғана бейне­ленген. Осы арқылы ба­сылым са­рап­шылары Ресей бас­шысының келіссөздерде үлкен рөл ойнамай­тынын білдіріпті. Осы кезде Джо Байденнің Же­­невадағы кездесуден кейін Пу­тин­мен қатар тұрып, баспасөз мәсли­хатын өткізуден бас тарт­қаны бел­гілі болды. АҚШ лидері жур­на­листермен Путинсіз, жеке кез­деспек ниетте. Байденнің бұл қа­дамын РФ басшысының бас­пасөз хатшысы Дмитрий Пес­ков ақтауға тырысты: «Бірлескен бас­пасөз конферен­циясынан аме­рикалық тарап бас тартты. Бірақ бұл саммиттің нә­тижесіз, өнімсіз болатынын, одан көп нәрсе күт­­пеу керегін білдір­мейді. АҚШ пре­­зиденті журна­лис­термен жеке әңгімелесуді қалады. Сол себепті Путин саммит аяқталған соң Кремль­дің журналистері пу­лы­ның алдына өзі шығады», – деді ол. Осылайша, саясаттанушылар да, биржа өкілдері де әрі-сәрі күйде. Женева болса, келіссөзді жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өт­кізуге қызу дайын­­далып отыр.

АйханАйхан ШӘРІП