Солтүстік Қазақстан облысында зейнеткер жоғалып кетті
Солтүстік Қазақстан облысында зейнеткер жоғалып кетті
Есіл ауданына қарасты Бірлік ауылында тұратын 1952 жылы туған зейнеткерді ауылдастары соңғы рет Есіл өзенінің жағалауында көріпті. Оны құтқарушылар мен полицейлер, туған-туысқандары мен ауыл тұрғындары, жергілікті атқарушы органдар, волонтерлар іздестіріп жатыр.  Сүңгуірлер су түбін кезуде. Саз бен лай су олардың жұмысына кедергі келтіруде.  Бұл жұмыстарға 4 техника мен 1 қайық жұмылдырылған. Облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің мәліметінше, 16 маусымға дейін өңірдегі өзен-көлдерде 7 адам батып кетті, олардың үшеуі – бала.

Роза ШӘКЕНОВА.