Ақтөбе облысында 3 жасар бала көлікте өртеніп кетті
Ақтөбе облысында 3 жасар бала көлікте өртеніп кетті
Қайғылы оқиға бүгін, 16 маусымда Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Еңбек ту ауылында болды.  Екі бала аулада тұрған ақауы бар ВАЗ-2106 көлігінде ойнаған.  Ақтөбе облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, көлік белгісіз себептен өртенген. 7 жасар бала көліктен шығып үлгерген, 3 жасар бала  көліктен шығып үлгере алмаған, тірідей өртеніп кеткен. Қазір өрттің себебі анықталып жатыр.
- Ата-аналарға тағы да ескертемін. Балаларыңыздың қайда және кіммен жүргенін қадағалаңыздар.  Балалардың ойынынан от шығуы мүмкін. Егер ересек адам оқыс жағдайдан көз жұмса, бұл - қайғылы оқиға. Бала көз жұмса, бұл тек қайғы емес, ересек адамдардың кінәсі. Сондықтан ұлдарымыз бен қыздарымызды қауіптен қорғайтын қарапайым қауіпсіздік ережелерін естен шығармайық, -  деді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.