Талдықорған тұрғыны ағасын пышақтап тастаған
Талдықорған тұрғыны ағасын пышақтап тастаған
217
оқылды
Талдықорғанда 22 жастағы тұрғын ағасын бірнеше жерден пышақтап тастаған. Ұсталған күдікті психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған.
«11 маусым күні Талдықорған қаласындағы көпсалалы ауруханаға 47 жастағы азамат көптеген пышақ жарақатымен түскен. Талдықорғанға қарасты Өтенай ауылының тұрғынын өзінің інісі пышақтаған. Тексеру барысында 22 жастағы күдіктінің психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталды», – деп мәлімдеді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазір осы факті ҚР ҚК 106-бабы 1-бөлігі бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат тергеу құпиялығына байланысты жарияланбайды.