Шиелі ауданында жемқорлық азаймай тұр
Шиелі ауданында жемқорлық азаймай тұр
166
оқылды

Нақтырақ айтсақ, жиында Шиелі ауданы әкімі мен Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2020 жылы облыс көлемінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық құқықбұзушылықтардың тіркелуі 2019 жылымен салыстырғанда 130-дан 90-ға дейін, яғни 30,8% азайған. Биыл 4 айында облыс көлемінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық құқықбұзушылықтардың тіркелуі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 53,4% азайғандығы байқалады, яғни 58-ден 27-ге төмендеген. Дегенмен, 2020 жылы Шиелі ауданы бойынша сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық құқықбұзушылықтардың тіркелуі 2019 жылымен салыстырғанда 1-ден 2-ге дейін, яғни 100% өскен болса, ағымдағы жылдың 4 айында 0-ден 3-ке дейін көбейіп отыр. Онан бөлек, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мәліметіне сәйкес 2020 жылы және 2021 жылдың қаңтар-мамыр айларында Шиелі ауданының жергілікті атқарушы органдарының лауазымды тұлғаларына қатысты қозғалған тәртіптік істер мен жауапкершілікке тартылған тұлғалар да аз емес. Оның ішінде әлеуметтік желіде резонанс алған мәселелер, карантин талаптарын бұзған мемлекеттік қызметшілер саны, әкімшілік құқықбұзушылық фактілері де жетерлік. Бұл ретте, кеңес мүшелері аудан бойынша сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқықбұзушылықтың облыс көлемінде алдыңғы қатарда екенін ескеріп, аудан әкімінің өз қызметкерлеріне бақылау жасау, жұмысты үйлестіру деңгейінің төмендігін алға тарта отырып, партиялық жауапкершілігін Партиялық бақылау комиссиясының отырысында қарауды ұсынды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша талдау жұмысына аса мән берілу керектігін ескертті.