Жамбылдық құсбегі бір қыста 2 қасқыр, 10 қарсақ, 15 түлкі, 40 қоян аулаған
Жамбылдық құсбегі бір қыста 2 қасқыр, 10 қарсақ, 15 түлкі, 40 қоян аулаған
303
оқылды
«Қыран құс не алмайды салса баптап» деп Ұлы Абай жырлағандай қыран құстың тектілігі қырағылығында. Есте жоқ ескі заманнан бері қазақтың ұлттық өнері саналған құсбегілікпен бүгінде Жамбыл облысында айналысып отырған жандар аз емес. Ал Жамбыл ауданының тұрғыны Бауыржан Ештеметов бүркітімен бір қыста 2 қасқыр, 10 қарсақ, 15 түлкі және 40 қоян аулап отыр.     Қазіргі таңда   екі бүркіт, бір қырғи, бір ителгі, үш тазыны баптап отырған құсбегі  ұлттық өнерімізді ұлықтап, түрлі деңгейдегі марапаттарға ие болған. – Бүркіт ғасырға жуық жас жасайды. Мен балапан кезінен ұясынан алып асыраймын. Қыранды 3 жастан бастап қолға үйретуге болады. Балапан кезінде қопалдау болғанымен жасы жеткенде қасқырды да, түлкіні де алады. Биылғы қыстың өзінде 2 қасқыр, 10 қарсақ, 15 түлкі, 40 қоян ұстағаным осы сөзімнің дәлелі. Қазір төрт ұылымды осы өнерге жетелеп келемін. Арманым осы балаларым ата жолын қуса екен деймін, - дейді құсбегі. Иә, Бауыржандай бүркітшінің ізін басар жастар көп болсын деп біз де  тілейміз.  

Саятхан Сатылған,

Жамбыл облысы