Экономист картоптың қымбаттау себебін түсіндірді
Экономист картоптың қымбаттау себебін түсіндірді
208
оқылды
Қазақстанның бірнеше өңірінде картоп бағасы қымбаттады. Экономист Олжас Құдайберген қымбатшылықтың себебін түсіндірді. Экономистің айтуынша, картоп бағасының көтерілуінің екі негізгі себебі бар:
1. Өткен жылы Ресей мен Өзбекстанда өнім төмен болды, ал біздің ел, керісінше, жақсы көрсеткішке қол жеткізді. Әдетте, Өзбекстан нашар өнім алса, Ресейден сатып алып өтейтін, бірақ бұл жолы Ресейдің өзінде егін төмен болды. Сондықтан картопты бізден сатып ала бастады. 2. Маусымаралық уақытта (сәуір - маусым) ескі қордағы өнім тұтынылып жатыр, өйткені, жаңасы әлі келмеген.
  Екі фактордың сәйкес келуі бағаның өсуіне әсер етті. Сату бағасы шамамен 200 теңге (өзіндік құны – 50 теңге), ал бөлшек сауда бағалары аймаққа байланысты, шамамен 350-500 теңге аралығында. Жаңа өнім 2-3 аптадан кейін келе бастайды, сонда баға төмендейді.