Биыл еліміздің
Екіншіден, бұл қалаларды әртараптандыру қажет. Мысалы, Саран қаласында көмір өнеркәсібіне басқа балама, өзге де салаларда жаңа кәсіпорындар болуы тиіс. Осы мақсатта бұрынғы Резина-техника бұйымдары зауытының базасында бүгінде жаңадан 2 зауыт салынып жатыр.
Биылғы жылдың сәуір айында Саран қаласында ресейлік «Татнефть» компаниясының қатысуымен Шина зауытының құрылысы басталды. Инвестицияның жалпы көлемі 125 млрд теңге. 2022 жылдың соңына қарай зауыт қазақстандық шиналардың алғашқы партияларын шығаруды жоспарлап отыр. Маусым айында «ҚазТехна» зауытында автобустарды ұсақ торапты құрастыруға көшудің екінші кезеңі іске қосылады деп күтілуде. Мұндай жұмысты біз барлық шағын қала бойынша жүргізуіміз керек.
Үшінші мәселе – Теміртау, Жезқазған және Балқаш қалаларындағы өндіріс орындарының жұмысына байланысты экологиялық жағдай. Бұл мәселе де осы кәсіпорындардың технологиялық шешімі 60-70 жыл бұрын қабылданғанына байланысты туындап отыр. Қазір экология бойынша жаңа талаптар қойылып, осыған байланысты жаңа шешімдер қабылданған.
Өткен жылы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, Жол картасы бекітілді. Оны іске асыру таяудағы үш жылда өңірдегі өндіріс шығарындылары көлемін 30%-ға төмендетуге мүмкіндік береді. Облыстағы бірқатар ірі кәсіпорынды газдандыру – тиімді шешімдердің бірі.
Биыл 1 шілдеден бастап жаңа Экологиялық кодекс қолданысқа енгізіледі. Онда маңызды бағыттардың бірі – кәсіпорындарды «таза» технологияларға көшуге ынталандыру. Эмиссия үшін төлемнің орнына қаражат жаңа технологияларды енгізуге бағытталатын болады.
– Орталық Қазақстан тек кенімен ғана емес, ауыл шаруашылығымен де танылған өлке. Бүгінгі ауылдардың жайы қалай?
– Ауылдарда облыс халқының 20%-ға жуығы тұрады. Бұл ретте олар ауыл шаруашылығы өнімінің 400 (384) млрд теңге көлемін қамтамасыз етеді (облыс экономикасындағы үлесі 3,8%).
Коронавирус пандемиясына және ауа райының қолайсыздығына байланысты былтырғы қиындықтарға қарамастан, облыс аумағында мал шаруашылығы жақсы дамып келеді, мал басы жыл сайын өсуде. Өткен жылы рекордтық миллион тонна астық жиналды. Бүгінде өнімнің негізгі атауы бойынша 29 өнімнің 23 түрін өзіміз шығарамыз. Олардың 14-і бойынша қамтамасыз етілу 100% және одан жоғары көрсеткішті құрайды.
Біздің алдымызда барлық қажетті азық-түлік өнімдерінің импортын алмастыруды толық қамтамасыз ету міндеті тұр.
Нұр-Сұлтан қаласының бізге жақындығы үлкен көмек. Біз елорданың азық-түлік белдеуіне жатамыз және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін бұл өз шаруа қожалықтарын дамытуға жаңа серпін береді.
Қазір облыста 11 527 шаруа қожалығы бар. Мемлекеттік қолдаудың және біздің фермерлердің еңбегінің арқасында 5 мыңнан астам жұмыс орнын құра отырып, мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу салаларында 370 млрд теңге сомасына 56 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.
Сонымен қатар біздің фермерлердің өнімдері сәтімен экспортқа шығарылуда. Экспортқа 170,5 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі шығарылады (51,5 млн АҚШ долларын құрады, оның ішінде 44,5 млн АҚШ долларын құрайтын 126,7 мың тонна қайта өңделген өнімдер).
Осы жылға жоспарланған 11 жобаның ішінде Абай ауданының «Шанс» шаруа қожалығы базасында құны 800 млн теңге болатын құрама жем зауыты пайдалануға берілді.
Құрғақ бие сүтін шығаратын құны 2,5 млрд теңге зауытты жаңғырту жалғасуда. Кәсіпорынның жобалық қуаты – жылына 200 тонна құрғақ сүт. Онда 38 жұмыс орны құрылды.
Сондай-ақ биыл израильдік инвесторлармен (VirginSoil компаниясы) бірлесіп, тәулігіне 1000 тоннаға дейін жем азығын өндіретін құрама жем зауытының құрылысы басталады. Жобаның бастамашысы – VIRGIN SOIL KZ ЖШС. Жобада балық, ірі қара малы мен қой-ешкілерге, құстар мен шошқаларға арналған түйіршіктелген, байытылған жемшөп азығы өндірісі көзделген. Инвестицияның жалпы көлемі 27 млрд теңгені құрайды. Жобалық қуатқа шыққаннан кейін кәсіпорында 800-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады.
– Алдағы жылдары өңір экономикасының өсуіне қандай бағдарламалар қарастырылған?
– Тек биыл облыста мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға 159,4 млрд теңге қарастырылған.
ИИДМБ іске асырудың арқасында өңірдегі өңдеу өнеркәсібінде өсу болады деп күтеміз.
«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында биыл шамамен 662 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 25% -ға артық. Кезекте тұрған 2 866 отбасын, оның ішінде кемінде 600 көпбалалы отбасын бюджеттік тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Сумен жабдықтау саласында 31 жобаны іске асыру бойынша жұмыс жалғасады. Жыл қорытындысы бойынша, 256,96 шақырым желіні салу және қайта жаңарту жоспарланған. 25 шақырым жылу желілері салынады және қайта жаңартылады.
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы, «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы және жергілікті бюджет қаражаты шеңберінде облыстың жалпы пайдаланымдағы 1 335 шақырым автомобиль жолдары қайта жаңартылатын болады.
«Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Жезқазған қаласындағы жылу желілерін қайта жаңарту және жаңғырту, Теміртау қаласындағы өндірістік ағынды суларды бейтараптандыру және тазарту торабының құрылысы, Шахан кентіндегі қазандық пен жылу желілерінің құрылысы, Сәтбаев қаласындағы жерүсті суларын төмендету және бұру көзделген.
«Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы аясында биылғы жылы 81 656 адам тұратын 33 ауылдық елді мекенде 60 жоба іске асырылатын болады.
«Бизнестің Жол картасы – 2025» бағдарламасы бойынша кемінде 400 жобаны қолдау үшін 4 млрд теңге қарастырылған. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында шағын несиелеумен 433 жобаны қамту жоспарланған.
Облыс аумағында «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» бойынша 19 ірі инфрақұрылымдық жоба іске асырылатын болады.
Әрине, бұл жобаларды іске асыру жақын болашақта да, ұзақмерзімді перспективада да үлкен нәтиже береді.
– Рухани бағдарламалар да аймақта жақсы жолға қойылған. Осы туралы айтып өтсеңіз.
– Жаһандану дәуірінде жаңа Қазақстанның заманауи талаптарға сай дамуына жол ашатын, азаматтарымыздың терең тарихқа сүйене отырып, көкжиегін кеңейтуге бағытталған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы өндірісі мен өнеркәсібі қайнаған, білімі мен ғылымы дамыған қазыналы Қарағанды облысында кешенді түрде жүзеге асуда.
Қазақстанның қарқынды дамуына ерекше серпіліс берген бұл бағдарламаның «Туған жер» арнайы жобасы аясында бүгінге дейін демеушілер мен меценаттардың қолдауымен 8,5 миллиардқа жуық теңге қаражат тартылып, 500-ден астам жоба іске асырылды.
Әсіресе, елін сүйген азаматтардың туған жері мен еліне деген қамқорлығының арқасында өңірлерде көптеген жаңа нысан бой көтеріп, халықтың игілігіне айналды.
Ең көлемділерін айтар болсақ: Пандемия кезінде Qaz Carbon (Каз Карбон) корпорациясының акционерлері Қарағанды облысының емханаларына арналған 10 жеңіл көлігін сыйға тартса, жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен Қарағанды қаласында жаңадан үлкен теннис пен үстел теннисі орталықтары ашылды. Ал Теміртау қаласында бір мезетте 320 адам дайындалатын денешынықтыру-сауықтыру кешені қолданысқа берілді.
Қарқаралы ауданының тумасы Нұрлан Қалтаев Қоянды ауылына отбасы тектес балалар үйлерін ашып, ойын алаңдарын салып, ауыл тұрғындарын еңбекпен қамтып, елге үлгі боларлықтай ерен еңбек жасап келеді. Ол еліміздің оңтүстік өңірінен бірнеше отбасын көшіріп алып, өз қаражатына салған баспанамен қамтамасыз етіп, нағыз туған жердің жанашыры екенін танытты.
«Қазақстанның қасиетті жерлерінің географиясы» арнайы жобасы аясында Жезқазған–Ұлытау өңірінде «Жошы хан» тарихи-мәдени кешенінің ашылуы жоспарланып отыр. Бұл халықаралық деңгейде туризмді дамытуға бағытталған ірі жобалардың бірі десе болады.
Биыл өңірдегі барлық іс-шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтіп жатқанын айта кетуіміз керек.
Қыркүйек айында дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың 110 жылдық мерейтойына орай облыс орталығынан «Қасым үйін» ашуды жоспарлап отырмыз.
«Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы бойынша былтыр Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында Қарағанды қаласында Абай көшесі берілсе, Абай қаласында данышпан хакімге арналған еңселі ескерткіш бой көтерді. Сондай-ақ облысымыз бойынша 18 мектептің атауы өзгертіліп, Ұлы даланың ұлы есімдері қайта жаңғыруда.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырған екінші «Табысты жобалар жинағына» Қарағанды облысынан «Қасым кітапханасы» мен «Ұлтқа қызмет» жобасы енгені біз үшін үлкен жетістік.
Өңіріміздің аймағы қаншалықты кең болса, атқарылған шаруалардың ауқымы да мол. Мүмкіндігінше біразын қамтып, жауап беруге тырыстым.
Аймақтағы бағдарлама аясында атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы Тәуелсіз Қазақстанымыздың кемел келешегінің көрінісі деп білемін.
– Әңгімеңізге рақмет!