Тәуелсіздік жылдарында Қарағанды қарқынды дамыды – Жеңіс Қасымбек
Тәуелсіздік жылдарында Қарағанды қарқынды дамыды – Жеңіс Қасымбек
218
оқылды

Биыл еліміздің Екіншіден, бұл қалаларды әр­тараптандыру қажет. Мысалы, Саран қаласында көмір өнер­кә­сібіне басқа балама, өзге де са­ла­ларда жаңа кәсіпорындар болуы тиіс. Осы мақсатта бұрынғы Ре­зина-техника бұйымдары зауы­тының базасында бүгінде жаңадан 2 зауыт салынып жатыр. Биылғы жылдың сәуір айында Саран қаласында ресейлік «Тат­нефть» компаниясының қаты­суымен Шина зауытының құры­лысы басталды. Инвестицияның жалпы көлемі 125 млрд теңге. 2022 жылдың соңына қарай зауыт қа­зақ­стандық шиналардың ал­ғашқы партияларын шығаруды жоспарлап отыр. Маусым айында «ҚазТехна» зауытында автобустарды ұсақ то­рапты құрастыруға көшудің екінші кезеңі іске қосылады деп күтілуде. Мұндай жұмысты біз барлық ша­ғын қала бойынша жүргізуіміз керек. Үшінші мәселе – Теміртау, Жез­­қазған және Балқаш қалала­рындағы өндіріс орындарының жұмысына байланысты эколо­гиялық жағдай. Бұл мәселе де осы кәсіпорындардың технологиялық шешімі 60-70 жыл бұрын қабыл­данғанына байланысты туындап отыр. Қазір экология бойынша жаңа талаптар қойылып, осыған байланысты жаңа шешімдер қа­былданған. Өткен жылы Экология, гео­ло­гия және табиғи ресурстар ми­нистр­лігімен бірлесіп, Жол картасы бекітілді. Оны іске асыру таяудағы үш жылда өңірдегі өндіріс шыға­рындылары көлемін 30%-ға төмен­детуге мүмкіндік береді. Облыстағы бірқатар ірі кәсіпорынды газдан­дыру – тиімді шешімдердің бірі. Биыл 1 шілдеден бастап жаңа Экологиялық кодекс қолданысқа енгізіледі. Онда маңызды бағыт­тардың бірі – кәсіпорындарды «таза» технологияларға көшуге ынта­ландыру. Эмиссия үшін тө­лемнің орнына қаражат жаңа техно­логияларды енгізуге бағыт­талатын болады. – Орталық Қазақстан тек ке­німен ғана емес, ауыл шаруашы­лығымен де танылған өлке. Бүгінгі ауылдардың жайы қалай? – Ауылдарда облыс халқының 20%-ға жуығы тұрады. Бұл ретте олар ауыл шаруашылығы өнімінің 400 (384) млрд теңге көлемін қам­тамасыз етеді (облыс эконо­мика­сындағы үлесі 3,8%). Коронавирус пандемиясына және ауа райының қолайсыздығына байланысты былтырғы қиындық­тарға қарамастан, облыс аумағында мал шаруашылығы жақсы дамып келеді, мал басы жыл сайын өсуде. Өткен жылы рекордтық миллион тонна астық жиналды. Бүгінде өнімнің негізгі атауы бойынша 29 өнімнің 23 түрін өзіміз шығарамыз. Олардың 14-і бойынша қамтамасыз етілу 100% және одан жоғары көрсеткішті құрайды. Біздің алдымызда барлық қажетті азық-түлік өнімдерінің им­портын алмастыруды толық қам­тамасыз ету міндеті тұр. Нұр-Сұлтан қаласының бізге жақындығы үлкен көмек. Біз ел­орданың азық-түлік белдеуіне жа­тамыз және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін бұл өз шаруа қожалықтарын дамытуға жаңа серпін береді. Қазір облыста 11 527 шаруа қо­жалығы бар. Мемлекеттік қол­дау­дың және біздің фермерлердің еңбегінің арқасында 5 мыңнан ас­там жұмыс орнын құра отырып, мал шаруашылығы, өсімдік шаруа­шылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу салаларында 370 млрд теңге сомасына 56 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар біздің фермер­лердің өнімдері сәтімен экспортқа шығарылуда. Экспортқа 170,5 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі шығарылады (51,5 млн АҚШ дол­ларын құрады, оның ішінде 44,5 млн АҚШ долларын құрайтын 126,7 мың тонна қайта өңделген өнімдер). Осы жылға жоспарланған 11 жо­­баның ішінде Абай ауданының «Шанс» шаруа қожалығы база­сында құны 800 млн теңге болатын құрама жем зауыты пайдалануға берілді. Құрғақ бие сүтін шығаратын құны 2,5 млрд теңге зауытты жаң­ғырту жалғасуда. Кәсіпорынның жобалық қуаты – жылына 200 тон­на құрғақ сүт. Онда 38 жұмыс орны құрылды. Сондай-ақ биыл израильдік инвесторлармен (VirginSoil ком­паниясы) бірлесіп, тәулігіне 1000 тоннаға дейін жем азығын өндіретін құрама жем зауытының құрылысы басталады. Жобаның бастамашысы – VIRGIN SOIL KZ ЖШС. Жобада балық, ірі қара малы мен қой-ешкілерге, құстар мен шошқаларға арналған түйір­шік­телген, байытылған жемшөп азығы өндірісі көзделген. Инвес­тицияның жалпы көлемі 27 млрд теңгені құ­райды. Жобалық қуатқа шық­қаннан кейін кәсіпорында 800-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады. – Алдағы жылдары өңір эко­номикасының өсуіне қандай бағ­дарламалар қарастырылған? – Тек биыл облыста мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға 159,4 млрд теңге қарастырылған. ИИДМБ іске асырудың ар­қасында өңірдегі өңдеу өнер­кә­сібінде өсу болады деп күтеміз. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында биыл шамамен 662 мың шаршы метр тұрғын үйді пайда­лануға беру жоспарланған. Бұл өт­кен жылдың көрсеткіштерінен 25% -ға артық. Кезекте тұрған 2 866 отбасын, оның ішінде кемінде 600 көп­балалы отбасын бюджеттік тұрғын үймен қамтамасыз ету жос­парланып отыр. Сумен жабдықтау саласында 31 жобаны іске асыру бойынша жұ­мыс жалғасады. Жыл қоры­тын­дысы бойынша, 256,96 шақы­рым желіні салу және қайта жаңарту жоспарланған. 25 шақырым жылу желілері салынады және қайта жаңартылады. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағ­дарламасы, «Ауыл – ел бесігі» ар­найы жобасы және жергілікті бюд­жет қаражаты шеңберінде об­лыс­тың жалпы пайдаланымдағы 1 335 шақырым автомобиль жолдары қай­та жаңартылатын болады. «Өңірлерді дамыту» мемле­кеттік бағдарламасы бойынша Жез­­­қазған қаласындағы жылу же­лі­лерін қайта жаңарту және жаң­ғырту, Теміртау қаласындағы өнді­рістік ағынды суларды бейтарап­тандыру және тазарту торабының құрылысы, Шахан кентіндегі қа­зандық пен жылу желілерінің құ­рылысы, Сәтбаев қаласындағы жерүсті суларын төмендету және бұру көзделген. «Ауыл – ел бесігі» арнайы жо­басы аясында биылғы жылы 81 656 адам тұратын 33 ауылдық елді ме­кенде 60 жоба іске асырылатын болады. «Бизнестің Жол картасы – 2025» бағдарламасы бойынша ке­мінде 400 жобаны қолдау үшін 4 млрд теңге қарастырылған. Нәти­желі жұмыспен қамтуды және жап­пай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында шағын несиелеумен 433 жобаны қамту жоспарланған. Облыс аумағында «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» бойынша 19 ірі инфрақұрылымдық жоба іске асырылатын болады. Әрине, бұл жобаларды іске асы­ру жақын болашақта да, ұзақ­мер­зімді перспективада да үлкен нә­тиже береді. – Рухани бағдарламалар да ай­мақта жақсы жолға қойылған. Осы туралы айтып өтсеңіз. – Жаһандану дәуірінде жаңа Қазақстанның заманауи талаптарға сай дамуына жол ашатын, азамат­тарымыздың терең тарихқа сүйене отырып, көкжиегін кеңейтуге ба­ғыт­талған «Рухани жаңғыру» бағ­дар­ламасы өндірісі мен өнеркәсібі қайнаған, білімі мен ғылымы да­мыған қазыналы Қарағанды об­лысында кешенді түрде жүзеге асуда. Қазақстанның қарқынды да­муына ерекше серпіліс берген бұл бағдарламаның «Туған жер» арнайы жобасы аясында бүгінге дейін де­меушілер мен меценаттардың қол­дауымен 8,5 миллиардқа жуық тең­ге қаражат тартылып, 500-ден астам жоба іске асырылды. Әсіресе, елін сүйген азамат­тар­дың туған жері мен еліне деген қам­қорлығының арқасында өңір­лерде көптеген жаңа нысан бой көтеріп, халықтың игілігіне ай­налды. Ең көлемділерін айтар болсақ: Пандемия кезінде Qaz Carbon (Каз Карбон) корпорациясының акцио­нерлері Қарағанды облысының емханаларына арналған 10 жеңіл көлігін сыйға тартса, жеке кәсіп­керлердің демеушілігімен Қара­ғанды қаласында жаңадан үлкен теннис пен үстел теннисі орталық­тары ашылды. Ал Теміртау қала­сында бір мезетте 320 адам дайын­далатын денешынықтыру-сауық­тыру кешені қолданысқа берілді. Қарқаралы ауданының тумасы Нұрлан Қалтаев Қоянды ауылына отбасы тектес балалар үйлерін ашып, ойын алаңдарын салып, ауыл тұрғындарын еңбекпен қам­тып, елге үлгі боларлықтай ерен ең­бек жасап келеді. Ол еліміздің оңтүстік өңірінен бірнеше отбасын көшіріп алып, өз қаражатына сал­ған баспанамен қамтамасыз етіп, нағыз туған жердің жанашыры екенін танытты. «Қазақстанның қасиетті жерле­рінің географиясы» арнайы жобасы аясында Жезқазған–Ұлытау өңі­рінде «Жошы хан» тарихи-мәдени кешенінің ашылуы жоспарланып отыр. Бұл халықаралық деңгейде туризмді дамытуға бағытталған ірі жобалардың бірі десе болады. Биыл өңірдегі барлық іс-шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жыл­дығы аясында өтіп жатқанын айта кетуіміз керек. Қыркүйек айында дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың 110 жыл­дық мерейтойына орай облыс орталығынан «Қасым үйін» ашуды жоспарлап отырмыз. «Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы бойынша былтыр Абай Құнанбайұлының 175 жыл­дық мерейтойы қарсаңында Қара­ғанды қаласында Абай көшесі бе­рілсе, Абай қаласында данышпан хакімге арналған еңселі ескерткіш бой көтерді. Сондай-ақ облысымыз бойынша 18 мектептің атауы өзгер­тіліп, Ұлы даланың ұлы есімдері қайта жаңғыруда. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырған екінші «Табысты жобалар жинағына» Қа­рағанды облысынан «Қасым кі­тапханасы» мен «Ұлтқа қызмет»  жобасы енгені біз үшін үлкен же­тістік. Өңіріміздің аймағы қанша­лық­ты кең болса, атқарылған шаруа­лардың ауқымы да мол. Мүмкінді­гінше біразын қамтып, жауап беруге тырыстым. Аймақтағы бағдарлама аясында атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы Тәуелсіз Қазақ­станы­мыз­дың кемел келешегінің көрінісі деп білемін. – Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ