Алматыда карантин жеңілдейді: Бекшин жаңа қаулыға қол қойды
Алматыда карантин жеңілдейді: Бекшин жаңа қаулыға қол қойды
144
оқылды
Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин «жасыл» аймаққа қатысты жаңа қаулыға қол қойды. Жаңа құжатта бизнес нысандары екі блокқа бөлінген: Ashyq қосымшасына қатысатын және қатыспайтын нысандар. Супермаркет, азық-түлік сатпайтын дүкендер, азық-түлік сататын және сатпайтын базарлар, жабық базарлар бұл жүйеге қатыспайды. Алайда аурудың таралу деңгейін ескере отырып, оларға шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат беріледі. Құжатқа сәйкес, тұрғындардың қоғамдық орындарға (оның ішінде қалалық қоғамдық көлікте жүргенде) және қызметіне рұқсат етілген обьектілерге барғанда, сондай-ақ, ашық аспан астында көпшілік орындарда болған кезде (5 жасқа дейінгі балаларды және ашық аспан астында спортпен айналысқанды қоспағанда) маска тағуға, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға және антисептиктерді қолдауға қатысты қойылатын талаптарын орындауын және оларға қызметіне рұқсат етілмеген нысандарға баруға тыйым салынады; Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға 15 адамнан аспайтын топтарға баруға рұқсат беріледі. Қоғамдық тамақтану орындары бойынша - егер мекеме Ashyq жобасына қатысқан болса, 07.00-ден түнгі 02.00-ге дейін жұмыс істей алады, толымдығы - 50 пайыз, бірақ, 70 орыннан аспауы керек. Егер Ashyq жобасына қатыспаған болса, барлық шарт осындай, бірақ, 50 орыннан аспауы керек. Кинотеатр, театрлар мен концерт залдары Ashyq жобасына қатысқан болса, 50 пайыз толымдықпен жұмыс істейді. Егер Ashyq жобасында жоқ болса, 30 пайыз толымдықпен ғана жұмыс істеуге рұқсат беріледі. Қаулының толық мәтінімен мына сілтемеден таныса аласыз. Қаулы 19 маусым күні, яғни, «жасыл» аймаққа кіргеннен кейін 7 күннен соң күшіне енеді.