Өзен-көлдер тартылып барады
«Айқын» ақпарат
/ 19.06.2021
Өзен-көлдер тартылып барады
Бабаларымыз «
Сол сияқты Қызылорда облысындағы Кіші Арал теңізімен қатар көлдер жүйесі және егін алқаптарына нәр беретін Сырдарияның деңгейі де сол трансшекаралық мәселелерге тікелей байланысты болып тұр. Ондағы Аманөткел ауылына қарасты Лайкөл, Сарыкөл, Қамыстыбас көлдерінің суы жағадан 500 метрге дейін алшақтап, жиегі сор, балшыққа айналған. Ал Қамбаш су айдыны болса, жағалаудан 200-250 метр қашықтықта жатыр. Көлдердің жағдайы сондай болғандықтан, алдағы 5-6 жылда Арал теңізі де кеме қайырлап қалатын деңгейге жетуі ықтимал. Себебі қазір Кіші Арал теңізіндегі 22 миллиард текше метр су алдыңғы жылдардағысынан 5 миллиард текше метрге аз екен. Сондықтан Сырдария өзеніне тағы бір тоспа салынуы мүмкін. Облыс әкімдігінің мәліметінше, оны жүзеге асырудың өзіне 3-4 жыл уақыт кетеді. Оған дейін теңіз құрғап қалмауы үшін оны насос арқылы сақтап қалу көзделген. Алайда эколог Сайлаубай Жұбатыров 18 мың гектар аумақты су сорғы құрылғыларымен қарық қыла алмаймыз деген пікірде. Өйткені теңізге Сырдария өзені арқылы кемінде жылына 2 миллиард текше метр су түсуі қажет екен. Осы орайда, жергілікті тұрғындары «Ақ теңіз» атаған Балқаш көлі де жыл сайын азайып бара жатыр. Оған негізгі өзендер – Іле, Ақсу, Көксу, Тентек және толып жатқан жерасты сулары батыс жағынан құйса, оңтүстік-шығысынан Лепсі мен Аягөз өзендері қосылып жатыр. Бірақ бізге Балқашқа құятын Іле өзенін пайдалану үшін де сол баяғы Қытай көршімен келіссөздер жасасуға тура келіп тұр. Ал ғалымдар ол жұмыстың тым баяу жүргізіліп жатқанына наразы. Өйткені 18 мың шаршы шақырымды алып жатқан Балқаштың су көлемі – 100 текше шақырым. Ал сырттан келетін судың 80 пайызы Іле өзенінің еншісінде. Алайда оның бойына қытайлар 40 су қоймасын салып, суармалы егістік алқаптарын 500 мың гектарға ұлғайтқан. Сөйтіп, Балқашқа құятын су деңгейін азайтып отыр. «Егер Іледен келетін су азая берсе, Шалқар шығанағын құрбандыққа шалуға тура келеді. Ол жаққа су бармас үшін дамба салу керек. Сонда Балқашты тұтас сақтап қалуға болады. Бірақ бұл да уақытша амал. Егер сырттан су лайықты мөлшерде келмесе, көл деңгейі азая береді», – дейді «Балық шаруашылығы» ҒЗИ Балқаш қалалық филиалының аға ғылыми қызметкері Вячеслав Цой.
Күріш жемесек, Сыр тереңдей ме?
Сонымен, мұхиттан алыс, Еуразия құрлығының кіндігінде орналасқан Қазақстанның жері кең болғанмен, суы тапшы елдердің бірі екені белгілі болып қалды. Сондықтан бұл мәселе біз үшін аса өзекті тақырып. Енді тиісті министрліктер Президенттің 2030 жылға қарай суармалы жер көлемін 3 миллион гектарға дейін жеткізу жөніндегі тапсырмасын орындауға кірісіп кеткен. Ол үшін суды көп қажет ететін дақылдардың үлесін азайту, сондай-ақ тиімділігі жоғары дақылдардың (көкөніс-бақша, жем-шөп, майлы дақылдар) алқаптарын ұлғайту арқылы егіс алқаптарын әртараптандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бір анығы, елімізде егіске берілетін судың 28 пайызын күріш алқабы қамтыған. Енді 2030 жылға дейін Қызылорда, Алматы және Түркістан облыстарындағы күріш алқаптарын 29 мың гектарға азайтып, сол арқылы жыл сайын 1 текше шақырым суды үнемдеу көзделіп отыр. Мысалы, бүгінде күріш егісінің жалпы ауданы – 104 мың гектар. Осы алқаптарды суаруға жыл сайын 3,8 км
3
су жұмсалады екен. «Ауыл шаруашылығы үшін ағымдағы қажеттілік 15 км
3
болса, 2030 жылы оның үстіне тағы 11,7 км
3
су керек болады. Мұндай көлем біздің өзендердің суару қабілеттілігінен асып түседі. Ал біздің өзендердің егістіктерді сумен қамтамасыз ету мүмкіндігі 19,8 текше шақырымнан аспайды. Осыған байланысты, келешекте 3 миллион гектарды сумен қамтамасыз ету үшін күріш егісін қысқарту қажет», – дейді Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов. Сол сияқты ылғалды көп қажет ететін дақылдардың бірі – мақта алқаптарын да азайта бастадық. Биыл күріш алқабы 8,1 мың гектарға қысқарса, мақтанікін бірден 18 мың гектарға шолтаң еткізіппіз. Мақтаны қайдам, әйтеуір былтыр елімізде 199,4 мың тонна күріш өндіріліпті. Ал 2015 жылдан бері күрішті өндіру мен қайта өңдеу саласында жалпы құны 2,3 миллиард теңге болатын 8 инвестициялық жоба іске асқан. Енді міне, су тапшылығын азайту желеуімен жалпы күріш алқабын 95,6 мың гектарға дейін азайтып тындық. Күріш жеуді азайтсақ, Сырдария мен Іле өзендерінен су алу балансы үнемделетін көрінеді. Қайдам, көршілермен трансшекаралық өзендерді өзара бөлісуді келіспесек, мына шешім қысқа көрпені басқа тартып, табаны жалтырап жатқан әпендінің сиқы сияқты екен.
Еркеғали БЕЙСЕН
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Алматыда тағы жер сілкінді: қала 9-10 балдық сейсмикалық аймақта орналасқан
Жаңалықтар
«Ол – жүрегім сүйер соңғы адам»: әнші Ақбота-Нұр Сейітмағамбет жазбасымен о...
Жаңалықтар
Қазақстандық мектеп оқушылары қысқы каникулда қанша күн демалады?
Жаңалықтар
«Әйеліме әлемді көрсетемін деп уәде бердім»: актер Жанатбек Бәйтеков отбасы...
Жаңалықтар
Актер Сәбит Әбдіхалықовтың әйелі қуанышты жаңалығын жеткізді
Жаңалықтар
"Зәкең болған соң ешбір арна қабылдамады": Мақпал Жүнісова 30 жыл бұрын тү...