Тозығы жеткен желілер тұрғындарды әурелеуде

Тозығы жеткен желілер тұрғындарды әурелеуде

Елорданың тап іргесіндегі Це­лино­град ауданының бірнеше ауылы Мәселені «Nur Otan» партиясының Ақмола облысы филиалы бірнеше мәрте жоғары деңгейде көтерген. Бірақ күні бүгінге дейін заңға тиісті өзгерістер мен то­лықтырулар енгізілмей, министр­лік­тердің тарапынан нақты жауап бе­ріл­меген. «Біз аталған мәселені шешу үшін Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинге осы жылдың ақ­пан айында хат жаздық. Онда Пар­ламент Төрағасынан «Табиғи монопо­лиялар туралы», «Мем­лекеттік мүлік туралы» заңдар мен «Салық және бюд­жетке түсе­тін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу мүмкіндігін қарас­тыруға ықпал етуін өтіндік. Парламент Мәжілісінен хат­тардың Энергетика және Ұлттық экономика министрлігіне жол­данғаны туралы жауап келді. Бірақ күні бүгінге дейін жоғарыдағы ми­­нистр­ліктерден еш жауап жоқ. Филиал төраға­сының орын­басары бұдан кейін де Ұлттық экономика министрлігі мен Энергетика министр­лігіне хат жазды. Бірақ ми­нистрліктер қимылдамай отыр. Ми­нистрліктер Пар­ламент Мәжілісінің де, біздің «Nur Otan» партиясы филиалынан жолданған хатқа әлі жауап түскен жоқ», – дейді «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалынан.

Бірі жауапты 23 маусымға дейін береді, тағы бірі департаментке сілтеді

Біз де тиісті министрліктерден аталған заңдарға өзгерістер мен толық­тырулар енгізу мәселесінің жайы қандай деңгейде екенін сұрап білмекке бекіндік. Хаттың шығыс және кіріс нөмірлері мен министр­ліктегі орындау­шылардың бай­ланыстарын білген соң сұрағымызды тікелей қойдық. Бірақ тұшымды жауап алу мүмкін бол­мады. «Бізге хат 9 маусым күні түсті. Ресми түрде 23 маусымға дейін жауап береміз», – деді Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен. Ал Ұлттық экономика министрлігі таяқтың ұшын Ақмола облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу департа­ментіне сілтеді. Сөйтіп, министрлікке заң жобаларын өзгертуге қатысты жолда­ған партия хатына жауапты облыстық де­партамент басшылығынан іздедік. «Бұл мәселе былтырдан бері көтеріліп жатыр. Бюджеттің ақшасымен салынған электр желілерін әкімдік жекеменшік компанияға бере алмайды. Ал «АРЭК» тарифтің көтерілгенін сұрайды. Аталған мәселе бойынша заңға әлі өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жоқ. Дегенмен жақында заңнан шығатын нормативтік ережеге өзгеріс енгізіліп, онда әкімдік энергия үлестіруші компанияға электр желілерін беруге болатындай жағдай жасалды. Бірақ онда электр энер­гиясы­ның тарифін көтеру қажет болады. Ақмола электржелілік үлестіру компа­ниясына 2016-2020 жылға бекітілген тарифі біткен. Компания 2021-2025 жыл­дарға тарифті бекітуге өтініммен шықты. Соған сәйкес биылға электр өндіруші компаниядан шығатын тариф 5,8 теңге, ал электр энер­гиясын ірі мөлшерде сатып алып, кейін халыққа тарату қызметін атқаратын «АРЭК Энергсбыт» компа­ниясына орташа 22,323 теңге, оның ішінде тұр­ғын­д­арға 16,808 теңге, заңды тұлғаларға 28,744 теңге, ал әлеуметтік маңызы бар ны­сандарға 22,32 теңге кө­лемінде болады деп бекітілді», – дейді Ақмола облысы Табиғи монополияларды реттеу департаменті басшысының міндетін атқарушы Азамат Сабыржан.

P.S.

Сонымен, «Nur Otan» партиясы кө­терген электр энергиясы мәселесі әлі де басы ашық күйінде қалған. Парламент және тиісті министрліктер тарапынан заңға өзгерістер мен толықтырулар қашан енгізілетіні белгісіз. Ал он мыңдаған тұрғын мәселе түбегейлі шешілгенше тозығы жет­кен электр желілерін пайдалана тұрады. Демек, бірде электр жарығы болады, бірде болмайды. Басқа амал жоқ. Ал электр энергиясының бағасы бөлек әңгіме.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы