Головкин мен Мурата арасында жекпе-жек өтетін күн белгілі болды
Головкин мен Мурата арасында жекпе-жек өтетін күн белгілі болды
141
оқылды
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) жапондық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды, - деп хабарлайды Sports.kz. Аустралиялық промоутер Дин Лонерганның айтуынша, Головкиннің Муратамен айқасы Рождество күні (28 желтоқсан) өтеді. Бұған дейін Головкин - Мурата айқасы 31 желтоқсанда Токиода (Жапония) өтуі мүмкін деп хабарланған болатын. Головкиннің промоутері Том Леффлердің айтуынша, мұның алдында жаз кезінде қазақстандық тағы бір спортшымен бақ таластырады. Геннадий IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, ал жапондық Мурата WBA Super белбеуіне ие.