Талғарда төрт жігіт жабылып, жаттықтырушыны сабап тастаған.
Instagram-дағы kris_p_talgar паблигінде жарияланған видеода бір топ адам тұрғынды ұрып-соққаны және көлік салонына салып әкеткені түсірілген.
Оқиғаға куәгер болғандар еш көмектесе алмаған. Соққыға жығылған ер адам ережесіз жекпе-жек шебері әрі бапкер Арман Әлімов екені жазылған.
Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі өкілдері бұл оқиға 17 маусымда сағат шамамен 19.00-де болғанын хабарлады.
"Соққыға жығылған соң 37 жастағы азамат Талғар аудандық орталық ауруханасына жатқызылды. Дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігі "Бұзақылық" бойынша Талғар АІІБ СДТБТ-де тіркелді. Қазіргі уақытта қылмысқа қатысы бар адамдарды ұстауға бағытталған тергеу-жедел іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.