Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
5,153
оқылды
Еліміздің өңірлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыста нөсер болуы мүмкін. Алматы облысында кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Дүйсенбі, 21 маусымда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метр жел болады деп болжануда. Күндіз Батыс Қазақстан облысында плюс 38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Кейбір жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақмола облысында найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-батыстан түнде секундына 15-20 метр, күндіз секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді. Көкшетауда найзағай болуы мүмкін. Күндіз Ақтөбе облысында 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі, өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды ​​облысының шығысында қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Өңірде найзағай, бұршақ болады деп болжануда. Солтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні секундына 23-28 метр жел соғады. Өрт қаупі өте жоғары. Қарағандыда найзағай, бұршақ күтіледі. Жезқазғанда 21 маусымда күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - секундына 18 метр. Шығыс Қазақстан облысында синоптиктер күн күркіреп, найзағай ойнап, бұршақ жауады деп болжайды. Жел секундына 15-20 метрге дейін, екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді. Маңғыстау облысының оңтүстігінде күндіз 40 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Аймақтың оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі бар. Павлодар облысында түнде кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр жел соғады. Павлодарда күндіз найзағай күтіледі. Қостанай облысында түнде найзағай ойнайды деп күтілуде. Солтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні 23-28 метр жел соғады.