Мұхаммед Әлидің немересі рингке шығатын күн белгілі болды
Мұхаммед Әлидің немересі рингке шығатын күн белгілі болды
228
оқылды

Top Rank компаниясы Уолштың жұдырықтасуын Эндрю Молонидің Джошуа Франкоға қарсы жекпе-жегінің андеркартында өткізеді, – деп жазды inform.kz.

Top Rank басшысы Боб Арум промоутерлік қызметіндегі алғашқы жекпе-жекті Мұхаммед Әли үшін 1966 жылы ұйымдастырған.

«Атам промоутерлікке Боб Арумнан басқа ешкімді қаламағанын нақты білемін. Сіздер Дон Кингтің менің атаммен және Майк Тайсонмен қалай араласқанын көрдіңіздер. Бокста көп адамға сене беруге болмайды. Ал Боб Арум тек бокста емес, жалпы, бизнесте де беделді адам. Мен әрқашан Top Rank-тің бір бөлігі болғым келген. Бұл – мен үшін үлкен құрмет», – деді Уолш.

Бұған дейін Тайсон жекпе-жек өткізетіні туралы жазған болатынбыз.