Қазақстанның барлық дерлік өңірінде ескерту жарияланды
Қазақстанның барлық дерлік өңірінде ескерту жарияланды
163
оқылды
«Қазгидромет» РМК 22 маусымда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.  Алматы облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр болады. Кей жерде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде жел екпіні 18-23 м/с-қа артады. Кей жерде төтенше өрт қаупі сақталады. Сондай-ақ, Алматы облысындағы Іле Алатауы, Жетісу Алатауында жаңбыр, кей жерде қатты жаңбыр күтіледі. Сондай-ақ найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15 м/с-ты-қа құрайды. Қырғыз Алатауында: өткінші жаңбыр, күндіз қатты жаңбыр болжанады. Кей жерлерде найзағай, бұршақ болады. Солтүстік-шығыс желінің екпіні 25 м/с артады. Батыс Алтайда: жаңбыр, кей жерлерде қатты жауын күтіледі. Сондай-ақ, найзағай, бұршақ болжанады. Батыс, солтүстік-батыс желінің жылдамдығы 15-20 м/с-қа артады. Тарбағатайда: кей жерде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Батыс, солтүстік-батыс желі 15-20 м/с-қа күшейеді. Күндіз Ақтөбе облысында 36 градусқа дейінгі қатты ыстық, өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай облысының кей жерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с-қа артады. Кей жерде өрт қауіптілігінің төтенше деңгейі болжанады. Алматы қаласында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыс желі найзағай кезінде 15 м/с-қа күшейеді. Күндіз Маңғыстау облысының кей жерінде шаңды дауыл тұрады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 18 м/с-қа артады. Күндіз кей жерлерде 42 градус қатты ыстық сақталады. Өңірдің оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі күтіледі. Күндіз Атырау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз 39 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Жоғары өрт қаупі күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ болжанады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғып, екпіні 15-20 м/с-қа артады. Күндіз Павлодар облысының кей жерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с-ты құрайды. Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде +39 градус қатты ыстық болады. Кей жерде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақмола облысының кей жерінде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с-қа артады. 22 маусымда Түркістан облысының кей жерінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерде күші 15-20, 23 м/с-қа артады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қаласында таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде найзағай, дауыл, бұршақ болжанады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с артады. 22 маусымда күндіз Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында, 24 маусымда таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. 22-24 маусымда кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 25 м/с жетеді.