«Жылына 200-ден астам аспап дайындаймыз. Өндірісімізде отандық және шетелдік материалдарды пайдаланамыз. Мысалы, жаңғақ ағашын, шырша, үйеңкі, қызыл ағаш, африкалық тропикалық ағаштар. Музыкалық аспаптардың көпшілігін ұлттық нақышты сақтай отырып, ерекше этностильде дайындаймыз. Сондықтан сапалы бұйым әзірлеу – біз үшін өте маңызды шарт», - деді Абзал Әкімбек.
Жас кәсіпкер – Еңбекшіқазақ ауданындағы Рахат ауылының тұрғыны. Ол жастайынан ұлттық музыкалық аспаптарға, олардың тарихы мен өндірісіне қатты қызыққан екен. Өзі мектепте жүріп, жазғы демалысында ауылдың шеберханасынан шықпаған. Сөйтіп, музыкалық аспаптар жасаудан жастайынан тәжірибе жинақтаған. Колледжден кейін, тағы бір жылдай шеберханада жұмыс істеген. Уақыт өте келе үйдің ауласынан шағын цех ашпақ болады. Содан 2019 жылы Абзал «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқып, тың идеясы үшін 2,5 млн теңге көлемінде грант жеңіп алады. Осылайша, хоббиі кәсіпке айналады.
Оның айтуынша, өз ісін бастау үшін Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының көмегіне жүгінген. Соның арқасында «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша 2,5 млн теңге грант ұтып алған. «Мемлекеттік қолдаудың арқасында хоббиім кәсіпке айналды. Сол қаражатқа станоктар мен құралдарды сатып алдым. Қазір шеберханада менімен бірге тағы үш адам жұмыс істейді», - деді жас кәсіпкер.