Актер отбасын құрар кезде әйеліне бүкіл әлемді көрсетуге уәде еткенін айтты.
«Әйеліме әлемді көрсетемін деп уәде бердім»: актер Жанатбек Бәйтеков отбасы туралы айтты
Фото: instagram.com/zhanatbekbaytekov
3,921
оқылды

Актер Жанатбек Бәйтеков "1001 түн" бағдарламасында отбасы туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Актер отбасын құрар кезде әйеліне бүкіл әлемді көрсетуге уәде еткенін, бүгінде сол уәдесін орындап жүргенін жеткізді.

"Үйленген кезде бүкіл әлемді көрсетемін деп уәде берген болатынмын. Біздің кездегі мәһр сондай болды. Оған дейін Қазақстанды аралатамын дегенмін. Өйткені елімізде де небір тамаша жерлер бар. Бірақ қазір көбіне шетелге шығып жүрміз. Қазіргі коучтар әйел адамды құрметтеу туралы айтып жатыр ғой. Ол нәрсе қазақтарда бұрыннан бар. Бізде әйел затына деген құрмет ерекше. Олардың көңіл күйі жақсы болса, ер-азаматтың да жұмысы алға басады. Соған көзім жетті. Жарым да маған берген уәдесін орындады. Үйдегі анасынан бала саны бойынша озды. Бүгінде көпбалалы отбасымыз. Үлкен балам 16-да, кішісі 2-де", – деді актер. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Qazaqstan.tv Ұлттық телеарнасы (@qazaqstantv)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.