Шымкентте 250 адам қатысқан той тоқтатылды
Шымкентте 250 адам қатысқан той тоқтатылды
227
оқылды
Шымкент қаласында карантин талаптарын бұзған мейрамхана анықталды. Полицейлер 250 адам қатысқан үйлену тойын қалай тоқтатқанын көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ресми мәліметке сәйкес, өткен жексенбі, 20 маусым күні кешкі уақытта “HAYAT” мейрамханасында үйлену тойы ұйымдастырылған. Той иесі карантиндік шектеулерге қарамастан, қонаққа 250 адамды шақырған. Ал, мейрамхана қызметкерлері мен даяшылары бетпердесіз қызмет көрсетіп жүрген. https://www.youtube.com/watch?v=urZoRYDdJes&t=4s Полицейлер тойхана иесі мен той өткізген адамнан түсініктеме алды. Барлық материал тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.