Садриддин Ахмедовтың келесі жекпе-жегінің күні белгілі болды
Садриддин Ахмедовтың келесі жекпе-жегінің күні белгілі болды
115
оқылды
Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовтың келесі жекпе-жегінің күні анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz. Eye of Tiger Management командасы Instagram парақшасында Ахмедовтың жекпе-жегі туралы хабарлады:
«Ұйым Садриддин Ахмедов (12-0-0, 11 КО) және кіші Ив Улиссес (19-2-0, 10 КО) қатысатын бокс кешінің кардын қуана ұсынады. 16 шілдеде Gervais Auto орталығында, Шавиниган, Канада», – деп жазды ақпарат көзі.
Ахмедов соңғы жекпе-жегін қаңтарда өткізіп, голландиялық Стивен Данжоны жеңіп, орта салмақтағы WBC Francophone, WBA Continental және NABF титулдарына ие болды.