Алматыда көлік аударылып, үш адам жарақат алды
Алматыда көлік аударылып, үш адам жарақат алды
100
оқылды
Алматыда такси көлігі аударылып,  жол апаты салдарынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Жол апаты Орджоникидзе мен Руставелли көшелерінің қиылысында болған. "Мерседес" көлігі қатты жылдамдықпен "Лада" көлігінің бүйіріне соқтығысып, салдарынан көлік 180 градусқа бұрылып, аударылып қалды. "Лада" көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы жарақат алды. Олардың екеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Жол полициясы апаттың мән-жайын анықтау үшін оқиға орнында жұмыс істеуде.